«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан-Қырғыстан арасындағы кедендік мәселеге қатысты пікірін білдірді.
«Болып жатқан жағдай адал емес бәсекені тудырып, заңға бағынған отандық бизнес-қоғамдастықтың мүддесін бұзып отыр. Бұл олқылық ЕАЭО жұмыс істеу аясында мүлде болмауы керек. Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі қағидалары – ол тауарлардың бірыңғай нарығын құрып, тауаралрадың одақ аумағында еркін тасымалдауын қамтасыз ету», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры Дина Мамашева.
Оның айтуынша, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қосымша бақылау қазақстандық кәсіпкерлерді бақылауға емес, екі елдің кедендік қызметін жақсартуға, ақпарат алмасуға бағытталуы керек. Осыған байланысты, бірінші кезекте қазақстандық кәсіпкерлер зардап шегетінін ескерсек, Ұлттық палата екі тарапты Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық негіздері аясында жұмыс істеуге шақырады.
«Сәйкес нормалар қажетті ақпараттық алмасу, оның ішінде электрондық декларациялау, алдына ала ақпаратты электронды түрде жіберу, ЕАЭО мемлекеттері кедендік органдары арасында ақпараттық ынтамқтастық, ЕАЭО мемлекеттері кедендік органдарының өзара әкімшілік көмегі ЕАЭО Кедендік кодексінде нақты көрсетілген әрі бұл құжат ҚР Парламенті Мәжілісімен мақұлданған. Аталған құжат 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді», – деп мәлімдеді Дина Мамашева.
Айта кетейік, соңғы бір ай ішінде қазақ-қырғыз арасында саяси, экономикалық жағдай шиеленісе түсті. Әсіресе кеден мәселесі тек биліктегілердің ғана емес, қарапайым халықтың да ашуын туғызып отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?