Ирак Күрдістанында белгісіз қарулы адамдар Kurdistan TV телеарнасының операторын өлтірген. Оған Киркук провинциясының Дакук қаласында орналасқан өз үйінде қастандық жасалған. Бұл туралы күрдтік Rudaw телеарнасына сілтеме жасап Риа Новости хабарлады.
Киркук 25 қыркүйекте орталық биліктің келісімінсіз тәуелсіздік референдумын өткізген күрд автономиясы мен Бағдад арасындағы қарсылық алаңына айналған қала. Референдумнан кейін Бағдад соңғы жылдары күрдтер бақылап жүрген осы провинцияға өз әскерлерін қайта әкелу туралы шешім қабылдаған, бірақ әскер Конституция бойынша автономияға кірмеуі керек.
"Кеше түнде бірнеше қарулы адам біздің операторымыз Аркан Шарифидің үйіне басып кіріп, оны өлтірген", - деп хабарлаған Kurdistan TV жетекшісі Карван Акраи.
Оның сөзінше, операторды отбасының көзінше өлтірген. Қазіргі кезде тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Шарифи жергілікті телеарнада 13 жыл қызмет атқарған және Дакука ауданындағы бастауыш мектептердің біріне жетекшілік еткен.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?