Франция және Қытай ақпараттық агенттіктерінің хабарлауынша, Біріккен Ұлттар ұйымының 13 қазан күні мәліметінде, жыл сайын әлемде кем дегенде 14 млн адамның табиғи апат салдарынан баспанасыз қалатынын хабарлаған. БҰҰ көрсеткен статистикалық мәліметтерге қарағанда соңғы жылдары Жер шарында табиғи апаттар жиілей түскен, әрі бұл жыл өткен сайын артуы мүмкін екен. Бұл туралы «People» басылымы өзінің ресми сайтында хабарлады.
Хабарламада Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасында жаһандық жылынудың табиғи апаттардың ұлғаюына ықпал ететін негізгі фактор екенін көрсетілмеген. Алайда, жер сілкіністері, цунами, су тасқыны және дауыл қатарлы апаттардың әлем халқына басты қатер болып тұрғанын айтқан. БҰҰ осы мәліметтермен бірге бұдан кейінде бұндай апаттардың көбейе түсетінін ескертті.
Біз өмір сүріп отырған Азия құрлығы қазіргі кезде табиғи апаттардың ең белсенді материгі саналады. Ал, бұл құрлықта әлем халық санының 60 пайызына жуығы өмір сүреді. Бір ғана Үндістанның өзінде табиғи апаттар салдарынан жылына 2,3 млн адам баспанасыз қалуда. БҰҰ мәлімдемесіндегі санаққа баспанамен қайталай қамтамасыз етілген тұрғындар қосылмайды. Демек, жағдай бұл шамадан да ауыр деуге болады.
Әлемдік қауымдастық барлық елдерді табиғи апаттардан болатын қауіп-қатерді азайту үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.