Венесуэла Президенті Николас Мадуро Каталониядағы референдумға жиналған халыққа күш қолдануды "репрессия", ал Испания билігін "диктатура" деп атады. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Николас Мадуро VTV телеарнасына берген сұхбатында: "Мен Каталония, Испания не өзге қандай мемлекет болмасын, оның ішкі істеріне араласпаймын. Бірақ күні кеше болған оқиға бейбіт халыққа қарсы күш қолданудың жан түршігерлік көріністерін құптамаймын", -деп мәлімдеді.
Николас Мадуроны әлемнің бірнеше көшбасшылары мен ел Оппозициясы Венесуэлада сәуір айынан бері жалғасқан халық пен биліктің қақтығысы кезіндегі полицияны жақтаған әрекеті үшін айыптап, "диктатор" деген атау берген еді. 125 адам қаза тапқан Венесуэладағы көтеріліс кезінде халыққа қарсы күш қолданған қауіпсіздік қызметкерлерін қолдаған Мадуро бұл әрекетін: "Біздің елдегі көтеріліске шыққан халық қаруланған болды. Ал каталондықтар бейбіт түрде референдум өткізді. Екеуінің айырмашылығы үлкен", - деп түсіндірді.
Испания мен Венесуэланың қарым-қатынасы жақсы деуге келмейді. Өйткені Испания Николас Мадуроның Ұлттық Ассамблея құру туралы идеясына қарсы көтерілген халықтың пікірін ескермегені үшін, Венесуэлаға қарсы санкциялар енгізуді ұсынған болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?