Өзбекстан азаматы Абдулқадыр Машарипов кінәсін мойындады, деп хабарлады Стамбул губернаторы Васип Шахинге сілтеме жасаған "Хюрриет Дейли” басылымы. Машариповты түрік полициясы 1 қаңтарда стамбулдық Reina түнгі клубында террорлық шабуыл жасады деген күдікпен ұстаған болатын.
Губернатордың айтуынша, ол Ауғанстанда дайындықтан өткен, "Ислам мемлекеті" террорлық тобы атынан әрекет еткен.
Абдулқадыр Машариповтың ұсталғаны туралы дүйсенбі күні таңертең белгілі болды. Түрік баспасөзінің хабарлауынша, оны стамбулдық Эсеньюрт ауданында қолға түсірген. Бір күн бұрын полиция күдікті тоқтаған пәтерден 150 мың доллар тапқан еді. Ол Стамбулға шабуылдан екі апта бұрын келген.
Ресми емес мәліметтер бойынша, Машарипов Түркияға 2016 жылдың басында әйелі мен екі баласымен көшіп келіп, Конья қаласында пәтер жалдап тұрған. 15 желтоқсанда ол Стамбулға террорлық шабуыл жасау үшін барған.
Жаңа жыл түні ол клубқа таксимен келген, клубқа жартылай автоматты винтовка алып кіріп, адамдарды ата бастаған. Шабуылдан 39 адам қаза тапты, 65-і жараланды. Қаза болғандар арасында сегіз елдің азаматтары бар.
centralasian.org


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?