Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында жаяу жүргіншілерге ыңғайланып қайда жөнделген Жібек жолы, Панфилов көшелерін және «Астана» алаңын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысына Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін жайлылықты арттыру мақсатымен жүргізілген ауқымды қайта жөндеу жұмыстарының басты нәтижелері таныстырылды.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа қаланы абаттандыру, жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысындағы көлік жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімділігіне бағытталған заманауи шешімдер жөнінде айтылды.
Айта кетейік, Алматы қаласында осы жылдың көктемінен бері жолдарды қайта жөндеу, абааттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Біраз көшелерге өзгерістер еніп, веложолдар салынды. Жақында жаяу жүргіншіге басымдық беру үшін қайта жасалған «Астана» алаңы ашылған болатын. Жаяу жүргіншілерге басымдық беру үшін Кабанбай батыр, Панфилов, Жібек жолы және Гоголь көшелеріндегі жұмыстар одан әрі жалғасуда.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?