Филлипиндегі заң шығарушы орган Родриго Дутертенің есірткіге қарсы соғыс кампаниясында тұтқындалғандар мен қолға түсіру кезінде сотсыз атылған азаматтардың ісін зерттеумен айналысатын қоғамдық құқық қорғау ұйымының бюджетін 1 мың песоға (20 $, 15 £) дейін қысқарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жұмысына бөлінетін қаржыны шектеу туралы ұсынысты Конгресстегі 119 адам қолдап, тек 32 депутат қана қоғамдық ұйымның пайдасына дауыс берген. Конгресстің спикері Панталеон Алварес құқық қорғау ұйымының еш пайдасы жоқ деп тапты. Ал аталған шешімге қарсылық білдірген топ бұл қадам арқылы мемлекет Родриго Дутертенің есірткіге қарсы соғыс саясатын қатаң сынаған ұйымға жаза белгілеп отырғанына сенімді.
Естеріңізге сала кетейік, Филиппиннің Президенті Родриго Дутертенің елді нашақорлар мен есірткі саудасымен айналысатын қылмыскерлерден толық тазарту үшін қолға алған саясатының шеңберінде мыңдаған азамат өлтіріліп, күдікті деп танылған жергілікті және шетелдік азаматтар абақтыға жабылды. Бұл саясат әлемдік қауымдастық тарапынан көп сынға ұшыраған болатын.
Адам құқықтары жөніндегі Комиссия 2018 жылға 1,72 млрд песо (34 млн $, 25 млн £) сұраған болатын. 2017 жылы мемлекеттен 749 млн песо алған ұйым 2018 жылы ол қаржының оннан бір бөлігіне де қол жеткізе алмайтын болды.
Жергілікті телеарнаға берген сұхбатында Панталеон Алварес: "Егер олар қылмыскерлердің құқықтарын қорғағысы келсе, ұйымның бюджет шығындарын да сол қылмыскерлер өтесін!", - деді.
Елдегі тәуелсіз ұйымға қарсы қолданылған бұл шараны қолдамайтындар әлі Сенаттың мақұлдауын талап ететін заң жобасының ол жерде де Президенттің ықпалымен көп дауыс жинап, қабылданып кетерінен күдіктенеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?