2018 жылы бюджетке салықтан қанша қаржы түсті?
Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2018 жылы мемлекеттік бюджетке салықтан түсетін қаржылық жоспар 101,9 пайызға орындалған. Жоспар бойынша, бюджетке салықтан 7 741,2 миллиард теңге түсу керек болса, былтырғы жылы бұл жоспар 148,9 миллиард теңгеге артық болған. Яғни 2018 жылы мемлекеттік бюджетке салықтан 7 890 миллиард теңге қаржы жиналған.
Республикалық бюджетке салықтан түсетін қаржылық жоспар 101,2 пайызға орындалып, жоспарланған 5 592,4 миллиард теңгенің орнына 5 694, 9 миллиард теңге түскен (+ 102,5 миллиард теңге). Жергілікті бюджетке салықтан түсетін қаржылық жоспар бойынша, 2 148, 8 миллиард теңге түседі деп жоспарланған. Бірақ бұл жерде де жоспар 46,4 миллиард теңгеге артық орындалған. Жылдық қорытынды бойынша, жергілікті бюджетке салықтан түскен қаржы 2 195,1 миллиард теңгені құраған.