Филлипин полициясы жүргізген түнгі рейд шарасы кезінде 32 адам өлтірілді. Құқық қорғау қызметкерлерінің хабарлауынша, қаза тапқандар есірткіге қатысы бар деген күдіктілер. Оқиға орнында қолдарына қару алып, полицияға қарсылық көрсеткендері үшін жан тапсырған. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі жазды.
24 сағат бойы жүргізілген рейд ел астанасы Маниладан солтүстікке қарай орналасқан Булакан провинциясында болған. Аталған шара мемлекет басшысы Родриго Дутертенің Филлипинді нашақорлықтан түгел тазарту мақсатында қолға алған саясатының аясында жүзеге асып отыр. 2016 жылдан бері мыңдаған күдікті сотқа жетпей, кінәсі дәлелденбестен, ұсталған жерде өлтірілген. Бұл әрекеті үшін әлем елдері басшылары мен құқық қорғау ұйымдарының наразылығына ұшыраған Президент қолға алған ісін жалғастырып келеді.
Рейд кезінде 100-ге жуық адам абақтыға жабылып, заңсыз айналымдағы есірткі мен қару-жарақ тәркіленді.
Сотсыз өлтіру ісін айыптаушылар көп болғанымен, жергілікті халық Родриго Дутерте саясатын қолдайтыны байқалады. Бейбіт тұрғындар қала көшелерінде жүру қауіпсіз бола бастағанын айтады. Соңғы кездері полиция пайда табу мақсатында, жазықсыз адамдарды өлтіреді деген мәлімдемелер саны арта бастаған соң, ағымдағы жылдың қаңтар айында Президент нашақорлыққа қарсы күрес басқармасын таратып, қайта құрды. Жаңа қызметкерлер жұмысын наурыз айынан бастап қайта жүргізіп келеді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау