Оңтүстік Кореядағы БАҚ-тың хабарлауынша, мемлекет тұрғындарына жүргізілген санақтың жаңа нәтижесі бойынша 65 жастан асқан қарттар халық санының 14 пайызын ұстайтыны анықталған. Бұл Корея қоғамының «Қарттық қоғамға» аяқ басқанынан дерек береді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.
Оңтүстік Кореяның Қауіпсіздік қызметі 3 қыркүйекте жариялаған мәліметіне сүйенсек, тамыз айының соңына дейін Оңтүстік Кореяның халық саны 51 млн 753 мың 820 адам болып, 65 жастан асқан қарттардың саны 14 пайызды иелеген.
БҰҰ Халық санын анықтау комитетінің көрсеткен өлшемі бойынша 65 жастан асқан қарттардың үлес салмағы ел халқының 7 пайызын құраса «қарттана бастаған қоғам», 14 пайызын иелесе «қарттанған қоғам», 20 пайызын құрайтын болса «айрықша қарттанған қоғам» ретінде қаралады.
Оңтүстік Кореядағы Жолланам-до тұрғындары арасында 65 жастан асқан халық саны 21,4% болған. Бұған қоса 8 провинциясында халық санының 14 пайыздан 20 пайызға дейінгі үлес салмағын 65 жастан асқан кореялық қарттар құраған. Және тағы 8 провинцияда қарттар салмағы 7 пайыздан 14 пайызға дейін иелеген. Тексеру нәтижесіне сәйкес, қазіргі таңда Оңтүстік Кореяда халық санында қарттар үлес салмағы 7 пайызға жетпейтін провинция атымен жоқ болып шықты.
Бұл көрсеткіш бір есептен Корея халқының қарттануын көрсеткенімен, енді бір жағынан сол елдің ұзақ жасау көрсеткішінің жоғары екенін анықтайды. Осыдан бұрын сайтымызда көрсеткен "ұзақ жасаудың құпиясын тапқан елдер" арасында, дамыған медицина және жоғары дәрежелі азықтану сапасының нәтижесінде Оңтүстік Корея тұрғындарының ұзақ жасауы әлемнің алдынғы қатарында екенін айтқан едік.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?