Қазақстанның жоғарғы оқу орындарындағы ұлттық білім беру жүйесінің деңгейі төмендеген және табысы да азайған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша жоғары білім беру мекемелері 8,5 млрд теңге шамасында табыс тапқан және бұл 2015 жылдың табысымен салыстырғанда 2 есеге төмен. Бұл жылы оқу орындарының табысы 19,9 млрд теңгені құраған. Мұндай мәліметтерді Finprom.kz агенттігі келтіріп отыр. 

Осылайша, ЖОО-лар 2015 жылғы трендті сақтай алмады. 2015 жылы ЖОО-ның табысы 2014 жылға қарағанда 3 есеге артқан және соңғы 5 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке ие болды.

Әсіресе жеке меншік оқу орындарының табысы 2014-2015 жылғыдай көрсеткішке ие бола аламады. Себебі 2016 жылы олардың табысы 5 есеге төмендеп, 11,8 млрд теңгеден 2,4 млрд теңгеге дейін азайды. Мемлекеттік университеттер мен академиялардың да табысы азайған. Бір жылда 26,5 пайызға немесе 2,1 млрд теңгеге азайды.

Жеке меншік ЖОО-лар экономика жағдайын уақытылы ескермеген болуы мүмкін. Нәтижесінде бұл сектордағы жалпы шығындар бір жылда бірден 22,2 пайызға ұлғайған. 2015 жылғы шығын 18 пайыз болған. Ал табыс бар болғаны 8,7 пайызға көбейген. Бір жыл бұрынғы өсім 22,9 пайызға көп болған еді.

Жалпы Қазақстанның ЖОО саласы соңғы 5 жылда қысымға ұшырап келеді. Себебі студенттердің саны азайды әрі ЖОО-лар саны қысқарған. 2011-2016 оқу жылында Қазақстанда 4 ЖОО жабылған. Ал студенттердің саны осы оқу жылы аралығында орташа есеппен 32,2 мыңға қысқарған.

Шын мәнінде студенттер санының қысқаруы орынды. Себебі  мелмекеттік грантқа түсе алмағандардың жыл сайын көтерілетін оқу ақысын төлеуге шамалары келмейді. Оған 2016-2017 оқу жылында қаржылық қиындықтарға байланысты  17 мың студенттің оқудан шығып кетуі дәлел. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік университеттердің жеке қолға өтуі оқу орындарының беделіне нұқсан келтіріп жүрген жайы бар.

“The Qazaq Times”