2017 жылы ЖОО студенттерін стипендиямен қамтамасыз ету үшін  мемлекеттік бюджеттен 56 млрд теңге қаржы бөлінеді. Өткен жылмен салыстырғанда қаржы көлемі 13%-ға ұлғаяды. Осы жылдың қаңтар-мамыр айында бөлінген стипендия қаржысы 22,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ranking.kz cараптама агенттігі хабарлап отыр. 

Қазақстанда мемеклеттік тапсырыс және білім гранттары есебінен 140,3 мың адам білім алып жатыр және бұл білім алушылардың 29,4%-ын құрайды, ал қалған 70,6%-ы немесе 337 мың студент ақылы бөлімде оқиды. Ал әрбір стипендиатқа берілетін бюджет қаржысы 346,6 мың теңгені құрайды.

2016-2017оқу жылында қаржылық қиындықтарға байланысты  17 мың студент оқудан шығып кеткен. Олардың  11 мыңы жекеменшік оқу орындарының студенттері.

Бұдан бөлек, 2006 жылдан бастап ЖОО-дағы студенттердің саны жыл сайын орташа есеппен 5%-ға қысқарған. Жекеменшік  оқу орындарында оқып стипендия алатын студенттердің үлесі - 17%, ал мемлекеттік ЖОО-да оқитын стипендиаттардың үлесі - 44%.

“The Qazaq Times”