2021 жылдан бастап еліміздегі университеттер өз үлгісіндегі диплом бере бастайды. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«Қазір барлық жоғары оқу орындарында мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Бұл өз кезегінде мемлекеттік тұрғыдан кепілдік берді. Ал 2021 жылдан бастап біздің университеттер өз үлгісіндегі диплом бере бастайды. Сол арқылы университет диплом үшін, өздерінің атақ-абыройы үшін өз атынан жауап беретін болады. Мысалы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дипломы болса, оған сол университет жауап береді. Сонда жұмыс беруші де ЖОО білім беру сапасы мен деңгейіне қарап түлектерді жұмысқа алатын болады», - деді вице-министр Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар, Білім және ғылым министрінің орынбасары ЖОО сертификаттау мәселесіне де тоқталды. Вице-министрдің айтуынша, осы сынды аталған өзгерістер еліміздегі ЖОО-дағы білім сапасын жақсартып қана қоймай, өзара бәсекелестікті де күшейтетін көрінеді.
Дербес сарапшылардың пікірінше, білім саласының оң реформаларынсыз, ЖОО білім беру сапасын, білім беру жүйелерін кемелдендірмей дипломдардың өзгерісі диплом иегерінің білім сапасын көтермейтінін айтады.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі