Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) негізінде электр генерациясына ауыстыру есебінен 2050 жылы газға сұраныс 5 пайызға төмендейді. Бұдан ЖЭК тарапынан болатын бәсекелестіктен көмірге жаһандық сұраныс 2015 жылғы 5,6 млрд тоннадан 2050 жылға қарай 2,4 млрд тоннаға төмендейді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Министрдің «Форсайт – 2050. Энергияның жаңа әлемі және ондағы Қазақстанның орны» атты зерттеу деректері бойынша, әлемде күн және жел электр станцияларынан электр генерациясының үлесі 2050 жылға қарай 5 пайыздан 50 пайызға дейін 10 есе артады, бұл ретте, күн генерациясы жылдық орташа өсім қарқынымен 10,2 пайызға, ал жел генерациясы 7,1 пайызға өседі.
Көмір қуатының айтарлықтай үлесін ауыстыру есебінен ЖЭК-тің үлесі 2050 жылға қарай жалпы электр энергияны өндіруде 42 пайызды құрайды.
2050 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,3 есе артады, және 123 млрд. кВт/сағ құрайды.
Қазақстанда ЖЭК-тің кеңінен таралуы есебінен көмірге сұраныс 69 млн тоннадан 31 млн тоннаға дейін төмендейді. Атап айтқанда, электр және жылу энергиясының генерациясы секторында көмірді тұтыну 50 млн тоннадан 18 млн тоннаға дейін төмендейді. Көмір есебінен жалпы өндірудің үлесі 70 пайыздан 22 пайызға дейін айтарлықтай төмендейді.
«Біздің еліміз күн және жел энергиясының жоғары әлеуетіне ие. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі халықтың және өнеркәсіптің ұлғайған тұтынуын өтеу үшін жаңартылатын энергия көздерін дамытуды белсенді ынталандыруды жалғастырады,» - деді Бозымбаев.