Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі тағы бір айға созылды. Енді ол 2017 жылдың 10 шілдесіне дейін қамауда болады. Бұл туралы "Қазақпарат" Астана сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баяноваға сілтеме жасап хабарлады.
"Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты күдікті Қуандық Уәлиханұлы Бишімбевтың қамау мерзімін 2017 жылдың 10 шілдесіне дейін созу туралы шешім қабылдады", - деп келтіреді ақпарат агенттігі Баянованың сөзін.