2014 жылы 2 мамырда Одессадағы қақтығыста 48 адам қаза тауып, 250-ден астамы зардап шеккен.

Украинадағы Би-би-Си  қызметі Одессадағы осы жағдай бойынша украиналық тергеушілер жүргізіп келе жатқан қылмыстық істер жағдайына шолу жасады.

Қақтығыстар хронологиясы

 Қаладағы қасіретті жағдайды екі эпизодқа бөлуге болады: «Антимайдан» жақтаушылары мен Грециялық алаң маңындағы белсенділер арасындағы қақтығыстар және Куликово алаңындағы, соңы кәсіподақ үйіндегі өртке ұласқан қақтығыстар.

мамыр күні жергілікті «Черноморец» футбол командасы мен Харьковтік «Маталист» командасы арасында ойын өтті. Жанкүйерлер қала орталығындағы украиндық шеруге қатысты. Фото: BBC

Куликово алаңында лагерьде болған көптеген ресейлік «антимайдандықтар» дәл 2 мамыр күні  украиндық «Өзін-өзі қорғаушылардан» және футбол жанкүйерлерінен шабуыл күтті, сондықтан да алға жылжи берген.

Алайда, бұл нұсқамен барлық «антимайданшылар» келіспейді. Одесса коммунистерінің жетекшісі, Куликов алаңындағы наразылық басшысы Морис Ибрагимнің айтуынша, Грек алаңына барғандардың арасында (соңы қақтығысқа ұласқан) арандатушылар да болған.

«Менің ойымша, шайқасқа ертеден дайындалған», –  дейді Ибрагим.

Дулығамен және шоқпармен жарақтанған ондаған «антимайданшылар» Одессаның ортасында «Украина бірлігінің Маршы» маңайында пайда болды.

Құқық қорғау қызметкерлері оппоненттерді айыруға тырысты, бірақ бір уақытта жағдай бақылаудан шығып қалды. 15:00 шамасында алғашқы қақтығыстар басталды, онда тастар, «Молотов коктейльдері» және зақымдаушы қарулар қолданылды.

Ал, бір сағаттан кейін оқ жарақатынан алғашқы «Еуромайдан» белсендісі оқ жарақатынан жазым болды.

Қолына атыс қаруларын ұстаған «Антимайдан» қатысушыларын милицияның қатарынан көруге болады. Фото: BBC

Дәл осы жағдай Грек алаңындағы келесі қақтығыстарды ушықтырып жіберді, мұнда екі жақтан да 5 адам (барлығы оқ тиіп) қаза тапты.

Кешкі алтылар шамасында қақтығыс Куликово алаңына ауысты, мұнда «Антимайдан» әртүрлі тобының лагері орналасқан.

Дәл осы кезде антимайданшылардың біраз бөлігі алаңнан кеткен еді, ал қалғандары кәсіподақ Үйін бөгеп тастау шешімін қабылдады.

Тергеушілер атыс қаруларын екі жақ та қолданғанын айтады. Фото: BBC

Жарақаттаушы және атыс қаруын қақтығыстың екі жағы да қолданды деп бекітеді тергеу.

Куликово алаңындағы қақтығыстың басынан-ақ екі жақ та «Молотов коктейлін» қолданды.

Шиеленіс басталған жарты сағаттан кейін антимайданшылар тастап кеткен күркелер мен кәсіподақ Үйі алдындағы баррикада жана бастады. Тағы 15 минуттан кейін өрт ғимараттың ішінде пайда болды. Кәсіподақ Үйінде қалған адамдар құтқарылуға тырысып, терезеден секіре бастады. Осыған қарамастан қақтығыс тоқтамады: терезеге тастар мен  жанғыш заттары бар бөтелкелер лақтыруларын үдете берді, ғимаратқа шабуыл жалғасын тапты.

Кейінірек, өртке селқос қарағаны үшін құтқарушыларды кіналады. Фото: BBC

Көптеген бейнежазбаларда «еуромайданшылардың» ғимараттан шыққандарға көмек беріп жатқанын көреміз. Сонымер бірге құтқарылуға тырысқан «антимайданшыларды» ұру жағдайлары да тіркелген. Жарты сағаттан кейін ғана өрт сөндірушілер кәсіподақ Үйінен адамдарды шығара бастады.

Кешкі сағат тоғыздар шамасында өрт толықтай ауыздықталды.

Қақтығыстар нәтижесі

Қақтығыс нәтижесінде екі жақтан 48 адам қаза тапты.

Себептері:

  • 34 – тұншықтырғыш газ және жанғыш заттар, күйіктер.
  • 8 – өртке оранған кәсіподақ үйінен қашу кезінде.
  • 6 – оқ жарақаты.

250-ге жуық адам әртүрлі дәрежедегі ауыр жарақаттар алды.

Тергеу және айыпталушылар

Үш жыл ішінде бұл оқиғаға байланысты істер бойынша бірде-бір үкім шығарылған жоқ.

Бұған себеп ретінде Одесса прокуратурасы мен «2 мамыр тобы» сотқа жасалып отырған қысым дейді.

Талай сот отырысы күдіктілердің келмеуінен, сот жұмысын белсенділердің тоқтатуы себебінен кейінге шегерілді.

Фото: BBC

Екі жақтан барлығы 26 адамға айып тағылған. Олардың істерін сот қарастырып жатыр.

Күдіктілердің бесеуі ұсталған, ал қалған 21-і отырысқа соттың талабы бойынша келеді. Ұсталғандардың екеуі Ресей азаматтары.

Темір тордың артында Одесса «антимайданы» басшысы Сергей Долженков та отыр. Оған бұл жанжалға қатысқанымен қоса,  оппоненттерге қарсы шығуға бұйрық берген деген айып тағы қосылып отыр. Долженков өзін кінәлімін деп санамайды.

Тағы бір айыпталушы «Еуромайдан» қатысушысы Сергей Ходияк. Оған «антимайданшының» өлімі мен милиционердің жарақатын тағып отыр.

Ол болса, өзіне тағылған айыпты мойындамайды және сот шешімінің жеделдетілуін талап етеді.  Ол бостандықта жүр және сот отырысына сот қалауы бойынша келіп тұрады.

Күдіктілер

Тағы алты адам күдіктілер қатарында.

«Еуромайдан» қатысушысы «жүздік Николай» лақап атымен белгілі адамға байланысты қылмыстық іс оның өліміне байланысты тоқтатылды. 4 күдікті іздеуде жүр.

Алты күдіктінің ішінде бір ер адам қамауда отыр. Оны 2017 жылдың наурызында ұстады, құқық қорғау органдарының айтуынша, ол тергеу органдарынан 3 жыл бойы тығылып жүрген.

Татьяна Герасимованың айтуы бойынша, ол тығылмаған, тек тұрғылықты мекен-жайын ауыстырған, полицияға жеке бас мәселесімен келгенде ұсталды.

Бұл жағдайда Герасимованың ойынша, құқық қорғау органдары 2 мамыр оқиғасы бойынша өз міндеттерін толық орындамай жүр. Үш жылда бірнеше тергеу топтары ауысты, олардың әрқайсысы ондаған том істі зерттеу керек еді.

 

УБП тергеуі

Одесса прокуратурасы мен полициясының тергеуінен тыс, Украинаның бас прокуратурасы өз тергеуін (УБП) жүргізуде.

Одессадағы еске алу. Фото: BBC

Ол тергеу пікірінше, көп адам шығыны болуына орай құзырлы адамдарға қарсы істерді қарастырады.

Тергеу адамдарының арасында сол кездегі Одесса облысындағы Украина ІІМ бас басқармасы бастығының орынбасары мен қоғамдық қауіпсіздік милициясының бастығы Дмитрий Фучеджи бар.

Оған 2 мамырдағы бұқаралық тәртіпсіздікті ұйымдастырғаны және 67 тұтқынды босатқандығы үшін күдік тағылған. Сөз "Антимайдан" белсенділері жайында, оларды 4 мамырда босатқан.

Экс-милиционердің өзі іс-әрекеттерін жаңа қақтығыстарды болдырмау мақсатында жасағанын айтады.

Дмитрий Фучеджи Украинадан тыс жерде және ресейлік БАҚ-да жиі шығып тұрады.

Келесі фигурант Одесса облысының ТЖМ экс-жетекшісі Владимир Боделан (оның әкесі Одесса облысының бұрынғы губернаторы және Одесса мэрі).

Оған кәсіподақ Үйіндегі өрттің алғашқы минуттарында өрт сөндірушілердің әрекетсіздігін себеп қылып отыр.

Одесса өртке қарсы қызметінің бұрынғы бастығы Владимир Боделан. Фото: BBC

Қаланың ортасындағы қақтығыс кезінде күндіз өрт сөндіру машинасының бірі істен шықты.

«Осыдан кейін Владимир Боделан өзінің қарамағындағыларға оның рұқсатынсыз ешқандай машинаны шығармауға ауызша бұйрық берді» деп түсіндіреді «2 мамыр тобының» өкілі Татьяна Герасимова.

Владимир Боделан әлі де Украина қаласынан тыс жерде жүр және өзіне тағылған айыптан бас тартып отыр. Сонымен қатар, тергеу оның қарамағындағы бірнеше адамға қарсы қатар жүргізіліп отыр.

Тағы бір шенеунік облыстық милицияның экс-басшысы Петр Луцюк. Оны қақтығысты шектеуге арналған «Волна» жоспарын уақытылы мәлімдемеді деп айыптауда. Ол дер кезінде құлақтандырғанда Куликово алаңындағы қақтығысты болдырмауға болушы еді.

Петр Луцюк Украинада қалып, сот отырыстарына қатысып жүр.  Ол өз кінәсін мойындамайды және оған қарсы істерді ойдан қосып отыр деп прокуратураға айып тағуда.

 

Сараптамалар

 Бүгінде кәсіподақ Үйіндегі өртке байланысты қайталай сараптама жүргізіліп жатыр.

Өрт кесірінен 42 адам жазым болды. Фото: BBC

Қасіреттен кейінгі алғашқы күндері  украин құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қандай да бір уландырушы газдың әсерінен осыншама адамның есінен танып, қаза табуын тудырған не екені туралы тұжырымдамаларды шығара бастады. Алғашқы сараптама мұны дәлелдемеді. Қазір жаңасы іске қосылды.

34 кешенді сот-медициналық сараптама жалғасуда, олар Одесса облысындағы кәсіподаақтар Федерациясы ғимаратындағы адамдардың қаза болу себептерін зерттейді, бұл сараптамаларды жүргізу Киев қалалық сот-медициналық сараптамасы клиникалық бюросының сарапшыларына тапсырылды делінеді Би-Би-Сидің украиндық қызметінің сауалына жауап ретінде.

Фариза Мұқанова

The Qazaq Times»