Корей түбегі қайшылығы бүгінгі әлемдік БАҚ-тың басты назарында тұрған мәселе. Мүдделі тараптардың бәрі де әлемнің алпауыттары мен суық қаруына ие елдер. Талайдан бері жалғасқан Таяу, Орта Шығыстағы, Шығыс Еуропадағы шиеленісті жағдайлардан кейін әлемнің назары тың соғыс тууы мүмкін деген Азияның шығысына ауды.
Өңірдегі қауіпсіздікке қатер төндіретін шарттың бәрі толық деуге болады. Бір ғана артық қадам Солтүстік Шығыс Азияны соғыс алаңына айналдыруы ғажап емес. Себебі, халықаралық ұйымдардың ескертуін елемейтін Солтүстік Корея АҚШ пен оңтүстік көршісіне тіс тырнағымен қарсы. Өзіне қарата абайсызда атылып кеткен бір зымыран үшін де дербес зерттеп дамытқан ядролық қаруын іске қосары сөзсіз.
12 наурыз күні, түбек мәселесін онан ары күрделілестіретін бірнеше оқиға қатарынан туылды. АҚШ-Оңтүстік Корея бірлескен әскери оқу-жаттығуына Шығыс Азияға әкелінген АҚШ армиясының ауыр әскери техникалары мен озық соғыс құралдары пайдаланыла бастағаны. Сол күні және Пак Кын Хенің президенттіктен ресми түрде босатылды. Демек, 12 наурыздан бастап Оңтүстік Кореяда екі ай мерзімде президент болмайды. Оған қоса «Селена» атты кемедегі 3400 қытайлық турист Ченжуға кірген кезде жағаға шығуға қарсылық білдіріп, Оңтүстік Кореяның дүмпу тудырды. Бұл қытайлықтардың Сеулге қаратқан көзқарасымен бірдей болып, екі ел қатынасының сынына айналды.
Пак Кын Хені президенттіктен қалдырған күні оның жақтастарынан 1000-ға жуық адам алаңға шықты. Олар елдерінің әнұранын айтып, туларын көтеріп, президенттерін сақтап қасын деп ұрандады. Алайда алаң сыртын 2000 полиция қоршап тұрды. Корей түбегіндегі жағдайдың ушыққан тұсында, Сеул билігіндегі саяси өзгерістер түбек мәселесіне кері әсер беруде. Себебі, тұрақты позиция жақтайтын саяси топтың билік алмасуы түбектегі екі ел қатынасын жақсарта қоймайды. Ал, Корея Конституциялық сотының шығарған шешімі бойынша президент өкілеттілігі тоқтатылғаннан кейін, жаңа президент тағайындау 60 күннен кейін ғана жүзеге асырылады. Сол шешім бойынша 9 мамырда ғана президент сайлау өткізуге болады.
Корея Ақпарат орталығының және KBS телеарнасының хабарына қарағанда, Оңтүстік Кореяның келесі президенті болып, әзірге дейін 29,9 пайыз қолдауды иелеген, оппозициялық Демократиялық партияның жетекшісі болуы мүмкін екен. Десе де, АҚШ-Оңтүстік Корея бірлескен әскери оқу-жаттығуларының басталып, түбек жағдайының ең ушыққан кезіндегі Сеулдегі билік алмасу үлкен халықаралық ойын болуы да бек мүмкін. Ауғанстан, Палестин, Ирак, Ливия, Сирия, Украина мәселелері әлемдегі жымысқы топқа жарты ғасырлық азық болды. Енді экономикалық, идеологиялық соғыстың бетқалқасы ауысып, мүдделер қақтығысы майдан ауыстыруына тура келген болуы мүмкін. Экономикасы құдіреттеніп келе жатқан корей, жапон, қытай сынды Шығыс Азия көшбасшылардың ортасына жанжал ұйымдастыру кімдердің оң жамбасына түсетіні анық болып отыр.
"The Qazaq Times"