- РФ президентінің ар-намысы мен абыройын қорғау туралы заң.
- Путин заманы-Ресейдегі соңғы 100 жыл ішіндегі өмір сүруге ең жақсы уақыт
- Украина ресей көгілдір отынынан бас тартып отыр
- Ресейліктерге түнде шаммен балық аулауға тыйым салады
Би-Би-Си орыс қызметінің ресейлік БАҚ-қа шолуы.
"Коммерсант": "Президенттің абыройына айтылады"
«Коммерсанттың» бірінші жолындағы материал президентті қорлаудан қорғайтын заң аясындағы пікірталасқа арналған. Газеттің айтуынша, Татарстандағы ІТ-қаланың жұмысшыларының бірі сол жерде іссапармен болған Мемлекеттік Дума төрағасы Вячеслав Володинге осындай заң қабылдауды ұсыныпты. Себебі Владимир Путинге «ақпараттық астар» келе жатқаны сезіледі.
Және Володин бұл пікірді қолдады. Ол басқа мемлекеттерде мұндай заң бар екенін, мысалы, «2015 жылы Барак Обамаға айтылған пікір үшін 4 адамға қатал жазалау мерзімі берілді» деп мәлімдеді. Мемлекеттік Дума төрағасы Ресей мұндай жағдайда «аса ашық, демократиялы»: «Не жазғысы келсе, соны жазады, не айтқысы келсе, соны айтады. Бұл біздің мәдениетіміздің ажырамас бөлігі» деп санайды.
Саясаткер Валерий Соловей «мұның барлығы 2018 жылғы президенттік компанияны қолдануға дайындалып жатыр»: «Билік қазірге президентке арналған сындар өте қатты, тіпті қорлау түрінде болатынын сезеді». Осы жағдайда әр сыннан қорғану керек» деп болжайды.
Оның сөзінше, президентті қорлау деп «әр нәрсені айтуға болады». «Ол тіпті Владимир Путин 2012 жылы ананы-мынаны айтты, бірақ бұл айтқандары орындалмады деген арыз болуы да мүмкін. Осыны айтқан адамды оңайлықпен соттауға болады. Оған шартты мерзім, айыппұл немесе басқа айып түрі тағылуы мүмкін. Осыған қоса ол «әр жоғары шенді шенеунік президентке жағуды көздейді» деп атап өтті».
Дегенмен, КСРО Жоғарғы кеңесінің бұрынғы депутаты, Анатолий Собчак Қорының сарапшысы Сергей Станкевич «елбасын жәбірлеуші бұқаралық шабуылдан қорғау негізінде бұл заң қабылдануы да мүмкін» дейді.
"Ведомости": "Путин Брежневтен асып түсті"
Ресейлік әлеуметтанушылардың анықтауы бойынша, Леонид Ильич Брежнев пен Владимира Путин басқарған уақыт ресейліктердің өмір сүруі үшін өте жақсы кезең болып саналады екен. Елдің үштен бір бөлігі, яғни 32 %-ы Путин кезіндегі өмір соңғы 100 жыл ішіндегі ең жақсысы деп санайды. Брежневке 29% адам дауыс берген. Бұл ақпаратты ақпан революциясының 100 жылдығына арналған шара аясында өткізілген сауалнама негізінде «Левада-орталық» анықтады.
Соңғы 5 жылда монархияның құлдырауы Ресейде ұлттық және мемлекеттік айбындылықтың жоғалуына әкеліп соқты деп санайтындар саны 25% -дан 21%-ға азайды және монархияның соңы елдің дамуындағы серпінді қадам деп бағалайтындар саны 9-дан 13%-ға артты. 19%-ы бір ғасыр бұрынғы жағдай Ресейді әлсіретті және қазан төңкерісі мен елдің құлдырауына әкеліп соқты дейді.
"Коммерсант" және rbc.ru: көмірді күшейте түсу
«Коммерсанттағы» материал Украинадағы энергетикалық жағдайға арналып отыр. Ол 2 жыл ішінде алғаш рет электр қуатын тарамды өшірудің нақты келешегін алға қойды. Сонымен қатар Киевтің Ресейден газ да, электр қуатын да сатып алу ниеті жоқ.
Мұндай жағдай елдің көмір ЖЭС-дағы антрацит қорының бірден азайғанына байланысты деп түсіндіреді «Коммерсант». Бұл ерікті құрылымдар көмірдің Украинаға Киевте қадағаланбайтын ДНР және ЛНР шекараларынан келетін екі теміржол бағытының жабылуына байланысты.
Rbc.ru порталы қадағаланбайтын Донецк және Луган облыстарынан келетін антрацит көмірін жеткізуге шектеу себебінен туған дағдарыс жағдайына Ресей ұрындырды деген Киев ұстанымын келтіреді. Мұндай мәлімдемені Украина вице-премьері Геннадий Зубко баяндады.
"Ресей газеті": "Қармақта"
Әуесқой балық шаруашылығы заңына енгізілген жаңашылдық туралы «Ресей газеті» айтады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің енгізген түзетулерінде ресейліктерге тегін балық аулау құқығы бар екендігі, бірақ балық аулауда тыйым салынған шаралар тізімін кеңейту ниеті расталған. Ал шетелдіктерге Ресейде балық аулау тек төлем негізінде рұқсат етіледі. Тарифтерді жергілікті басшылық бекітеді.
Жаңа заң жеке табыс нормасы түсінігін енгізіп отыр: бір балықшының 1 жыл немесе аз уақыт аралығында ұстай алатын нормасы. Сонымен қатар түнде шамның немесе басқа жарықтандырғыш құралдың көмегімен аулауға болмайды. Су астындағы, аквалангпен аулау да құқықтық алаңнан шығып қалды. Оған қоса су асты аңшылығы үшін қару немесе тапаншаны су астында ғана емес, сонымен қатар су бетінде де қолдануға тыйым салынған.
«Әуесқой балықшылар су асты аңшыларын ұната қоймайды, бірақ олар табиғатқа айтарлықтай зиян келтіреді деген де объективті мәлімет жоқ. Ал шаммен балық аулауға қойылған шектеуге келетін болсақ, мен әлі саналы түсінік таба алмай отырмын, не үшін оны заңнан тыс қояды»,-деп айтты балықшылар Одағының «РГ» төрағасы Алексей Цессарский.
Фариза Мұқанова
«The Qazaq Times»