АҚШ пен Солтүстік Кореяның екінші саммиті Вьетнам астанасы Ханойда өткізілмек. Бұл туралы «The Washington Post» хабарлады.
Дональд Трамп пен Ким Чен Ын қауіпсіздік мәселелерін және Корей түбегін ядролық қарудан азат ету келісімінің орындалуын талқылайды. Уашингтон ядролық қарудан арылу мәселесінде нақты нәтиже, жылжу жоқ деген болатын. Бірақ, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бұл пікірмен келіспейтінін айтты. Тараптардың алғашқы саммиті былтыр 12 маусымда Сингапурде өткен болатын.
Қазіргі уақытта аталған мәселе Құрама Штаттарымен қатар өзге де мемлекеттерді алаңдататыны рас. Сол себепті АҚШ президенті Дональд Трамп ядролық қаруды доғару туралы ұсыныс білдірген. Ким Чен Ын Оңтүстік Корея елшісінен осы тақырыпқа қатысты сәлемдеме жолдады. Саясаткердің айтуынша, Пхунгери полигонында демонтаж жүргізілгеннен соң мемлекетте ядролық сынақ өткізілмейді. Ким Чен Ынның ойынша, әлем қауымдастығы осы уақытқа дейінгі нәтижелі әрекеттер мен Пхеньянның «батыр» қадамын мойындамай отыр. Өз сөзінде ол АҚШ-пен байланыстың едәуір жақсарып, түбектегі жағдайлардың шешімін табатынына нық сенімді екенін білдірген.
6 қыркүйекте Ақ үй басшысы Дональд Трамп «Reutеrs» агенттігінің тілшілеріне берген сұхбатында: «Киммен өте жақсы «химиялық» байланысымыз бар. Арамызда химиялық реакция жылдам жүреді. Оңтүстік пен Солтүстік Корея басшылары 30 жыл бойы тер төккенде, мен ядорлық жарылыстарды дереу тоқтаттым. Резонанс туды. Жапония әлі де таңқалуда» – деген болатын. Сондай-ақ Трамп Пхеньяндағы мәселенің жөнді қарастырылуы үшін нәтиже керектігін де ескерткен.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр