Үнді-қытай шекара жанжалы қақтығысқа жақындап тұрған болатын. Жақында екі елдің жоғары әскери шенділері арасында келіссөз өткізіп, кереғар мәселелер жөнінде біршама келісімге қол жеткізгендей болды. Нәтижесінде, даулы шекара аймағына айналған Ладах жеріне тараптар қосымша әскери күш жөнелтпеуге келісті. Бірақ, қазірге дейін шекара маңына жиналып қалған екі ел әскерін кері шегіндіру туралы келісе алған жоқ. Бір сөзбен айтқанда тараптар шекара қайшылығын түбірлі шешім ете алмады.

Үндістандық жоғары лауазымды тұлғаның VOA агенттігіне берген мәліметіне қарағанда, Үндістан үкіметі үнді-қытай шекарасындағы жауынгерлеріне егер Қытай шекарашылары жағынан қауіпсіздіктеріне қатер төніп жатқан жағдайда оқ атуға рұқсат берген. Кеше үнді баспасөздерінде Үндістан қорғаныс күштері шекара маңында Қытайдың әскер саны жағынан басымдыққа ие болу мақсатына жол бермеуге тырысып жатқанын жазып еді. Сондай-ақ, маусымда болған шекарашылар арасындағы қақтығыс кезінде Қытай шекарашыларының саны басым болғанын алға тартты. Қақтығыс кезінде Қытай шекарашылары темір таяқтармен қаруланғаны (екі ел арасында шекара маңында оқ атыспау туралы келісім болғандықтан үнді-қытай шекара сарбаздары тас немесе сойылды қолданған) да енді ашық жазыла бастады. Нәтижеде Үндістан жағынан 20 сарбаз мерт болып еді.

Үндістан мен Қытай шекара маңында мыңдаған әскерлерін жинап қойған. Фото: Рейтерден.

Қыркүйектің басында да шекарада оқ атылды. Бейжің мен Жаңа-Дели бір-бірін айыптады. Үндістан тарабы жоғалып кетген екі шекарашыны Қытай шекара күзеті қолды етті деп те мәлімдеген. Ал, Қытай тарабы оларды шекара бұзды деп айыптаған.

22 қыркүйекте болған келіссөз екі ел жоғары әскери қолбасшылары деңгейіндегі 6-шы реткі бас қосу. Оның өзі қайшылықты толық шешкен жоқ. Тек, шекараға қосымша әскер жібермеуге ғана келсім айлып қайтысты.

Үнді-қытай шекара жанжалы шешілмей жатып, Пәкістан мен Үндістан арасында шекара қайшылығы өршіді. Фото: Reuters

Бейжің болса шекара қайшылығы үшін Үндістанды айыптауын тоқтатқан жоқ. Қытай СІМ басшысы Уаң И 17 қыркүйектегі мәлімдемесінде «шекарадағы жанжалдың басты жауапкершілігі Үндістанда» екенін, «Үндістан тарабы өз қатесін тез арада түзетуі тиіс» деген көзқарастарын білдірген.

Үнді-қытай шекара жанжалы басылмай жатып, Пәкістан мен Үндістан арасында шекара жанжалы шықты. Бұған Құрама Штаттар ара ағайындық жасап, келісімге шақырғаны да БАҚ-та айтылуда. Ал, Тайуан сарапшылары Пәкістан мен Үндістан шекара қайшылығының дәл осы кезде пайда болуын Бейжіңнің ықпалы деп санайды. Себебі, Пәкістан өңірдегі Қытайдың бірден бір сенімді серіктес елі саналады. Тіпті Тайуан сарапшылары қайшылық осылай жалғаса берсе 2020 жылдың қаңтар айына қарай тараптар ашық соғысқа өтуі де ғажап емес деп болжайды.

“The Qazaq Times”