Сәуірдің 5-і күні Өзбекстан президенті Шавхат Мирзияев пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті деп хабарлайды Podrobno.uz. сайты.
Ислам Кәрімовтың із басары Шавхат Мирзияев, Ауғаныстан бойынша Ресей ұстанымдарын қолдайтыннын айтты. «Өзбек елі Ауғанстан бойынша кез келген Ресей бастамасын қолдауға дайын. Біз үшін Ауғаныстан тыныштығы өте маңызды» - деді Шавхат Мирзияев Владимир Путинмен кездесу барысында. Ислам Кәрімов кезінде Өзбекстанның жабық мемлекет болғанын ескерсек, Шавхат Мирзияевтың бұл мәлімдемесі Өзбек сыртқы саясатының өзгергендігін көрсетеді. Ал Ресей үшін бұл өте қажетті одақтас, өйткені Ресейдің қазіргі сыртқы және ішкі жағдайы өте қиын.
“The Qazaq Times”