АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі әлеуметтік желілердің қызметін реттеу туралы жарлыққа қол қойды. 

Сөз бостандығы мәселелеріп сөз еткен Трамп, әлеуметтік желілердің монополиялары Америка Құрама Штаттарындағы қоғамдық және жеке коммуникациялардың басым бөлігін басқарады дейді. Сондай-ақ әлеуметтік желілер жеке адамдар мен кең аудитория арасындағы байланыстың кез келген түрін цензураға тексеріп, шектеп, редакциялап және өзгерте алатындай бақылаусыз билікке ие екенін атап өтті.

Жарлықтың мәтіні «Коммуникация тәртібі туралы» заң ретінде белгілі заңға бағытталған. Осы Заңның 230-тарауы өздерінің жеке платформаларын бақылайтын және басқаратын веб-сайттарға иммунитеті мықты және бұрын-соңды болмаған қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл әлеуметтік желілер бейтарап платформа саналады деген теорияға негізделген.

"The Qazaq Times"