Ауғанстан президенті Ашраф Ғани саяси қарсыласы Абдулламен президенттік билікті бөлісуге келісім берді. Қыркүйек айындағы сайлаудан бері Абдулла мен президент Ғани өздерін жеке-жеке президент ретінде атап келе жатқан болатын. Елде ресми үкімет пен бірге тәліптерде ел аумағының басым көбіне билік жүргізуде, бұл жағдайдан кейін елде екі билік және ресми үкіметте екі президент пайда болды. 

Премьер-министр болып тұрған кезінде Абдулла Абдулла президент сайлауға қатысып, Ашраф Ғанидан сәл ғана парықпен жеңіліп қалған еді. Елдегі Орталық сайлау комиссиясы осындай қорытынды шығарған. Алайда, Абдулла сайлау қортындысы бұрмаланды деп айыптап, өзін президент ретінде атап келді. Тіпті, наурыз айында Ғани мен Абдулла бір уақытта президенттік инаугурация өткізді.

Ал, қазір президент Ашраф Ғани президенттік билікті Абдулламен бөлісу туралы келісімге қол қойды. Нәтижесінде Ғани президент ретінде қала береді, ал үкімет ұйыстыру, министрлерді басқару қызметін Абдулла атқармақ.

Ауған жұртында президент сайлауға дейін де осындай екіге жарылған билік өмір сүріп келген еді. Сайлаудан кейін ресми биліктің құзыреті бір орталыққа қарай шоғырланады деп үміттенген, бірақ, олай болмай шықты. Егер ресми билік пен «Талибан» ұйымы (көптеген елде террорлық ұйым ретінде танылған) арасында келіссөздер басталса, келіссөз делегациясын Абдулла басқаратыны белгілі болып отыр.

“The Qazaq Times”