Еуропалық одақ коронавирус пандемиясынан кейін экономиканы қалпына келтіру үшін триллион қорын құру туралы шешімге келді.

ЕО көшбасшылары бейнебайланыс арқылы пандемиямен күреске арналған саммит өткізді. Олар коронавирус індетінен аса зардап шеккен елдерге және еуропалық компанияларға көмек көрсету үшін арнайы қор құру туралы шешім қабылдады.

Қор алдағы екі ай ішінде құрылуы керек. Мемлекеттік комиссия шұғыл штабының мәліметінше, ЕО-да шамамен 1,5 трлн еуро жиналады. Осылайша 1 маусымға қарай кәсіпкерлер мен жұмысшыларға көмек көрсету үшін 540 млрд еуро сомасына несие пакеті дайын болады.

"The Qazaq Times"