Бүгін Қытай басшысы Ши Жинпиң (Си Цзиньпин/Xi Jinping) Мьянмаға ресми сапармен барады. Ол кезекті сапарында Мьянмада ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды салу туралы келісімге келу және «Бір белдеу, бір жол» жобасы бойынша келісімді толық аяқтау делінген.

Мьянма үкіметі еліндегі рохинджа мұсылмандарына геноцид жасады деп айыпталғаннан кейін, Батыс елдерімен қарым-қатынасы нашарлағаны белгілі. Бұл орайда Қытай Мьянмамен қарым-қатынасын дамытып, оңірдегі ықпалын кеңейте түсуге барынша күш салатыны белгілі. «Рейтер» агенттігі Қытай үкіметіндегі дереккөздеріне сүйене отырып, Қытай басшысының 2020 жылы Оңтүстік Шығыс Азиядағы бірнеше елге мемлекеттік сапарды жоспарлап отырғанын жазды. Соның алғашқысы Мьянмадан басталды және осы елде құны миллиард доллар көлеміндегі инфрақұрылымдық жобаны қайта жандандырмақ.

Қытай басшысы кезекті сапарында Мьянманың партия, үкімет жетекшілері және қорғаныс күштерінің жетекшілерімен кездеседі деп күтілуде. Дегенмен, шетелдік БАҚ көптеген Мьянма азаматтарының Қытайдың маңындағы шағын елдерге төндіретін қаупінен алаңдайтынын жазуда. Сүйте тұра, Қытай мен Мьянма қатынасы 700 мыңнан астам рохинжа мұсылмандарына қырғыншылық жүргізгеннен кейін дами түскеніне назар аударады

“The Qazaq Times”