Ағымдағы жылы исламтанушы ғұлама ғалым, ұлт қайраткері Халифа Алтайдың туғана 100 жыл толып отыр. Осы датаны лайықты белгілеп өткізу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ғұламалар кеңесінен» ағымдағы жылы Өскемен қаласында халықаралық конференция өткізу туралы шешім шығарды. Ғұлама ғалымның 100 жылдығына арнап, Өскемен аймағы өкілдігі ғалымның атымен аталатын Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті бірқатар шараларды өткізуді жоспарлап отыр деп хабарлайды мешіттің баспасөз қызметі.
Мұнда биыл өкілдік Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ҚМДБ мен бірлесіп халыаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, республикалық Құран жарысын, жыр бәйгесін өткізу көзделуде.
Дүбірлі той ең алдымен аудандарда белгіленіп, соңында облыс орталығында ел аралық шаралармен түйінделмек.
Ғылыми шараға ҚМДБ басшылығы мен облыстардың өкіл имамдарымен қатар белігілі исламтанушы ғалымдар қатысады деп күтілуде. Сонымен бірге ғалымның көп жылдар мекен еткен Түркия мемлекетінен, және көршілес Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің исламтанушы ғалымдарын шақыру жоспарланды.
Ғалымдар ғұлама ғалымның еңбектері жайлы зерттеулері мен баяндамаларын ортаға салады. Сонымен қатар тәуелсіздік жылдарындағы рухани жетістігіміз сараланады.
Құран жарысына да қомақты жүлде қоры тігіліп, қазақстандық қариларымыз сайысқа түседі.
Сонымен қатар бірқатар мәдени-рухани шаралар да жоспарланып отыр.
Осы датаны белілеп өткізу жөнінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігіне және Қазақстан мұсылмандары діни басрмасына Өскемен аймағы өкілдігі өз жоспар-жобаларын ұсынды.
Өскемен өкілдігі жанынан осынау датаны ұйымдастыру туралы комиссия құрылып, өз жұмысын бастады.
“The Qazaq Times”