«Bank RBK»АҚ Ұлттық Банктің банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасына қатысады. Банк акционерлері 2017 жылдың 7 қарашасында Алматыда өткен кезектен тыс жалпы жиналыс барысында бағдарламаға қатысу үшін дауыс берді, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Одан бөлек, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен директорлар Кеңесінің мүшесі – Банктің тәуелсіз директоры болып Торстен Пол сайланды. Одан кейін Банктің директорлар Кеңесінің шешімімен Торсен Пол «Bank RBK» АҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды.
"Пол мырзаны тағайындау «Bank RBK» АҚ, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банк пен «Қазақмыс» компаниялар тобы арасында қол қойылған шекті келісім шегінде жүргізілді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, соңғы уақытта аталған банкке қатысты қаржы мәселелері туындаған болатын. Себебі Bank RBK қызметін қолданушылар ақша шешіп алу мүмкін болмағаны және кейбір студенттер стипендияларын ала алмағандары туралы айтқан. Осыдан кейін Ұлттық банк аталған банктен жағдайды реттеуді талап еткен. Ал Президент Нұрсұлтан Назарбаев банк жұмысы реттелетінін және кінәлілер жазаланатынын айтқан.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "Қазақмыс" корпорациясы Bank RBK-ға инвестор болуы мүмкін екенін хабарлаған еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?