Алматы қаласы соты Bank RBK-ны әкімшілік жауапқа тартты.
Қазақстанның қор биржасында жарияланған құжатқа сәйкес, қаржы институты ақшаны жылыстату заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылған.
"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты осы жылдың 3 қарашасында банкке қатысты шешім қабылдады. Bank RBK ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 214-бабының 1 тармағы бойынша (қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзу) жауапқа тартылды", - делінген KASE хабарламасында.
Сондай-ақ, кодексте осындай құқық бұзу жеке тұлғаларға – 100, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 140, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 220, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны туралы айтылған.
Айта кетейік, 2017 жылғы 1 АЕК 2269 теңгені құрайды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?