Аннекцияланған Қырымда сотталған татар көшбасшылары Ресейді тастап Түркияға бет алды - деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.

Қазан айының 25-сі күні 2016 жылдан бері Ресейдің Қырымды аннекциялауына қарсы шыққан үшін түрмеде жатқан Қырым татарлары мәжілісі төрағасының орынбасарлары Ильми Умеров пен Ахтем Чигөз бостандыққа шығарылған. 2016 жылы РФ Қырым аймағы бойынша федералды қауіпсіздік қызметі Умировты «Ресей Федерациясының тұтастығына нұқсан келтірді» деп айыптап, 26 қыркүйек күні Симерополь аудандық соты оны екі жылға бас бостандығынан айырған. Ал Ахтем Чигөзді Қырым Жоғарғы соты "2014 жылы 26 ақпан күні Қырым парламенті алдында болған тәртіпсіздікті ұйымдастырды" деп айыптап, сегіз жылға соттаған. Бірақ Умеров та, Чигөз де өздерінің кінәсіз екендіктерін айтып, болған жағдайлардың барлығының саяси астары бар деп мәлімдеген.

Ильми Умеров пен Ахтем Чигөзді қолдау акциясы.

Украина президенті Петр Порошенконың сөзінше, олардың қысқа уақыт ішінде бостандыққа шығуына Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның тікелей қатысы бар. Ол тіпті өзінің Twitter  парақшасында Қырым татарлары басшыларының бостандыққа шығуына байланысты: «Мен Ахтем Чигөзбен Ильим Умеровтың бостандыққа шыққанына өте қуаныштымын. Бұл үшін Түркия президентіне рахмет айтқым келеді. Біз бұл жайында бұған дейін Нью-Йорк және Киев қалаларында өткен келіссөздерде сөйлескен болатынбыз» - деп жазған.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, Умеров пен Чигөздің бостандыққа шығуы мен Анкараға жеткізілуі Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Ресей басшысы Владимир Путинмен келіссөз жүргізуінен кейін жүзеге асырылған.

“The Qazaq Times”