Солтүстік Корея АҚШ-қа күтпеген жерден қатты соққы жасайтындарын мәлімдеді. Бұл туралы елдің мемлекеттік ақпарат агенттігі таратқан мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды Оңтүстік Кореяның «Йонхап» агенттігі.

Бұл ескерту корей түбегінде АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әскери кемелердің теңіз жаттығуларын өткізуіне  байланысты жасалған.

Пентагон болса USS Ronald Reagan (CVN-76) әуе кемесін корей түбегінің шығыс жағалауына жіберді. Әуе кемесі  ұшу траекториясын бақылау және Солтүстік Кореяның баллистикалық зымырандарын тоқтату мақсатында жіберіліп отыр.

Бұдан бұрын 26 қыркүйекте америкалық генерал Джозеф Данфорд Солтүстік Корея жақын арада АҚШ-қа қатты соққы беру үшін «ядролық бомбасы бар континентальдық баллистикалық зымыранды дайындап жатқанын» айтқан. Оның пікірінше, КХДР қазіргі уақытта АҚШ үшін ең қауіпті ел болып отыр.

“The Qazaq Times”