2018 жылдың Ислам әлемі Жастар қаласы болып Иерусалим қаласы белгіленді. Бұл шешімді Ислам Ынтымақтастық ұйымы диалог және ынтымақтастық форумы шығарып отыр, деп хабарлайды «Анатолы» ақпарат агенттігінің сайты.

Форумның төрағасы Елшад Искандаров бұл қаулының мақсаты туралы былай деді: «Ислам әлемінің жер-жерінен Иерусалим қаласына жастар келіп, қаладағы киелі орындарды зиярат етсе, Иерусалимдегі ислам ерекшеліктеріне қолдау көрсеткен болар еді деп ойлаймыз».

Иерусалим қаласының 2018 жылы Ислам әлемі жастар қаласы етіп белгілеу Хаттамасына Ислам Ынтымақтастық ұйымының диалог және жастар форумы төрағасы Елшад Искандаров пен Палестинаның Жастар және спорт министрі қол қойды.

2016 жылы Ислам жастар қаласы болып Стамбул белгіленген. 2017 жылы Малайзияның, Марокко және Иранның бірнеше қалалары өз міндетіне алып отыр.

Ислам жастар қаласы бағдарламасы Палестина жастарына үлкен әсер қалдыру, Иерусалим мәселесінде ислам әлемнің ұйымшылдығын арттыру мақсатында жасалып отырғаны Форумның салтанатты жиналысында белгілі болды.

“The Qazaq Times”