Сауд Арабиясы әскерилері Мекке қаласына бағытталған баллистикалық зымыранды атып түсірді деп хабарлайды Франс Пресс ақпарат агенттігі.
Йемен аумағынан ұшырылған баллистикалық зымыранды араб әскерилері Мекке қаласының оңтүстігіне қарай 69 шақырым жерде атып түсірген. Сауд Арабиясы әскери коалициясы Йемен аумағынан атылған бұл баллистикалық зымыранды шитт бүлікшілерінің ісі деп мәлімдеген.

Фото: Вести.ру
Естеріңізге салайық, Йеменде 2014 жылдан бері экс-президент Әли Абделл Салеху жақтастары «Ансар Алла» қозғалысы мен елдің қазіргі басшысы Абд Раббу Мансуру Хади жақтастары арасында азаматтық соғыс болып жатыр. Осы уақыт аралығында Йемен билігін Сауд Арабиясы бастаған араб әскери коалициясы қолдап келеді.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді