"Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының бірнеше содырлары Ирактың Найнава провинциясындағы Таль-Аффар қаласын жеке мемлекет ретінде жариялап, өздерін халифаттан тәуелсіз топ есебінде таныстырды.
"Жаңа халифаттың" мүшелері жергілікті халықты қорқытып, олардың билігіне қарсылықсыз бағынуға шақырған. Таль-Аффардағы ұйымнан іргесін аулақ салып, бөлінген топ "Ислам мемлекетінің" басшысы Абу Бакр әл-Бағдадидың өлімінен кейін, джихадшылардың бірлігіне сызат түсе бастағанын көрсетеді.
Таль-Аффарда Абу Бакр әл-Бағдадидың жақтастарын жаппай тұтқынға алу жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, лаңкестік ұйым басшысының қазасын 11 шілде күні ресми растаған болатын. Оның орнына билікке кім келгені жарияланған жоқ.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды