2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «Delta Bank» АҚ жеке тұлғалардан қабылданған депозиттерінің көлемі 0,3 млрд теңгені, заңды тұлғалардың депозиттері 87,9 млрд теңгені құрайды. Банктің депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,5%-ын құрайды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, Ұлттық банк 2017 жылғы 19 маусымдағы №103 қаулысына сәйкес, 2017 жылғы 21 маусымнан бастап 2017 жылғы 3 тамызға дейін «Delta Bank» АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясын тоқтатты.
Бұл шешімді Ұлттық Банк банктің банктік заңнама талаптарын жекелеген
бұзушылықтарына қадағалаушылық реттеу және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 48-бабының 1-тармағы в) және
г) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қабылдады.
Лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке және заңды тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ.