«Біріккен Ұлттар Ұйымына реформа жасау қажет» деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
«Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі әділдік орын алатын жер болуы тиіс. Бірақ бүгінде БҰҰ-ның Сүрияға байланысты көзқарасына қарамастан, Башар Асад өз халқын басып, жаншу арқылы әлі билік басында отыр. Осыдан кейін БҰҰ жайында бір нәрсе айтудың өзі артық» деді Ердоған Нью-Дели университеттенің бірінде ғылым докторы атағын алу салтанатында сөйлеген сөзінде.
Естеріңізге салайық кеше 1-ші мамырда Нью-Делиде Үндістан-Түркия бизнес-форумы өтіп, Ердоғанға ғылым докторы атағы берілген болатын.
The Qazaq Times