2022 жылы Украина дағдарысына байланысты, Еуропа Одағы Ресей табиғи газын шектейтін бірқатар шаралар қабылдады. Осы щектеулерден кейін Ресей «Сібір күші-2» табиғи газ құбыры жобасын ұсынып табиғи газ сатылымын Шығысқа бағыттауға тырысуда. Бұл құбыр Қытай-Ресей Шығыс газ құбырынан кейін Ресейдің Қытайға жоспарлаған екінші газ тасымалдау бағыты болып табылады. Моңғолия құбырдың өз шекарасы арқылы өтуі үшін белсенді түрде талпыныс жасауда. Транзиттік төлемдерден түскен кіріс 1 млрд долларды құрайды  және бос жұмыс орандарымен қамттылатыны айтылған. Бұл жоспар Моңғолия еліне жаңа табыстар алып келуі мұмкін, ал Қытай үшін Құбыр табиғи газбен жабдықтау арналарын әртараптандыруды жүзеге асыра алады, Батыстың тосқауыл қою қаупін болдырмайды, сонымен қатар Австралия мен Америка Құрама Штаттарынан алынатын сұйытылған табиғи газға тамаша балама болып табылады. Бұл жоба 2024 жылы жұзеге асырылу жоспарлануда.

Кілттік сөздер: Ресей, Қытай, Украина, газ, Құбыр жол.

Қытай АҚШ пен Ресейден кейінгі әлемдегі табиғи газды тұтынушы үшінші орындағы ел. 2018 жылы Қытай Жапония мен Германия елдерінен кейінгі газ тұтынуы көп ел ретінде, әлемдегі ең ірі табиғи газ импорттаушысы болды, ал 2021 жылы Қытай тағы да Жапониядан кейінгі, әлемдегі ең ірі сұйытылған табиғи газды (LNG) импорттаушы елге айналды (JAMISON,2021). Австралия көптеген жылдар бойы Қытайдың ең ірі сұйытылған табиғи газды жеткізушісі болды, дегенмен, Америка Құрама Штаттары 2018 жылы сауда соғысын бастағаннан бері, Австралия Қытаймен қарым-қатынасы белсенді болмады, осы себепті  Қытай басқа сенімді тұрақты газбен қамдайтын көздерін іздей бастады. Қытайлық және Американдық компаниялар 2021 жылдың қарашасында ірі СТГ жеткізу туралы бұйрыққа қол қойғанымен (Jessica Jaganathan, 2021), Америка Құрама Штаттары Қытаймен қарым-қатынастары орнықсыз болуы себепті газбен қамдау ортасының тұрақтылығына қол жеткізіуі қиындық тудырады. Осы орайда Ресейдің газ қоры Қытай үшін тиімді.

Қытай Ресей Энергетикалық Қатынастарында Моңголияның маңызды орыны бар, Моңголияның көмір негізінен Қытайға сатылады. 2021 жылы Моңғолия экспортының 86%-ын Қытайға жібереді, оның жартысынан көбі көмірді құраған (Agence France-Presse, 2022 ). Сонымен қатар, қазіргі таңда Моңғолияда қолданылып жүрген СТГ (Сүйтылған Табиғи Газ) негізінен Ресейден әкелінеді.

Ресей әлем мойындаған энергия экспорттаушысы болып табылады.Украина дағдарысы шиеленіскенге дейін Еуро Одақтың (27 ел) табиғи газ импортының 40%-ы, мұнай импортының 27%-ы және көмір импортының 46%-ы Ресейден келген (Helen, 2022). Ресей ЕО қатынастарының барынша нашарлауына байланысты, ЕО Ресей газына деген тұтыныуын барынша шектей бастады. Бұл Ресейдің басқа экспорт жолдарын қарастыруына алып келді. Президент Путиннің 2022 жылдың 4 ақпанында Қытайға сапары кезінде Қытай мен Ресей мұнай және газ туралы жаңа келісімге қол қойды.Болашақта Ресейдің Қытайға табиғи газ жеткізуі жылына 38 миллиард текше метрден 48 миллиард текше метрге дейін артады деп күтілуде (澎湃新闻 , 2022).  Дегенмен казіргі таңда іске қосылған «Сібір күші -1» мен енді жоспарланып отырған «Сібір күші-2» жұзеге асуына бірқанша жылдар уақыт кететіні белгілі.

Ресей –Моңголия -Қытай мүдделік қатынастары

Моңғолия «Сібір күші -2» құбырының транзиттік өтуіне белсенді түрде ұмтылуда. Біріншіден, ол Ресейлік табиғи газды энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін пайдаланады. Екіншісі – Моңғолия үшін жұмыс орындарын құру, сонымен бірге тұрақты транзиттік төлемдерді алу. Ресейдің мүддесі экспорттық нарықты кеңейту, Қытай мен Моңғолияны бүкіл Солтүстік-Шығыс Азия нарығын кеңейту үшін Баспалдақ ретінде пайдалану, Сонымен бірге, Моңғолияның АҚШ пен Жапония сияқты басқа үлкен елдердің жетегіне еруінің алдын алу мақсаттары бар.

2012 жылдың наурыз айында Моңғолия НАТО-ның «Бейбітшілік үшін әріптестік» мәртебесін алған (Helbig, 2015 ) кезден бастап Қытай мен Ресейдің оған қайта пысықтап жақындауына тура келді. Қытай Моңғолияны Шанхай ынтымақтастық тобына қосылуға көндіргісі келді, Ресей де Моңғолияны Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуға шақырады, Ресейдің болжамы бойынша, Моңғолия Еуразиялық экономикалық одаққа 2016 жылы қосылуы керек. Нәтижесінде Моңғолия ШЫҰ-ға да, ЕАЭО-ға да кірген жоқ. Моңғолия үшін ешбір тарапты ренжіте алмайды, тек бейтараптықты таңдай алады.

2019 жылдың қыркүйегінде президент Путин Моңғолияға барды және екі ел Ресей мен Моңғолия арасындағы қарым-қатынасты «стратегиялық серіктестіктен» «жан-жақты стратегиялық серіктестікке» көтерген тұрақты достық және жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойды (E. Berls, 2021). Моңғолия ақыры Ресеймен жақындасты,  Ресей «Сібір күші-2» құбырының Моңғолия арқылы өтуіне қол жетізді. Ресей үшін «Сібір қуаты-2» құбыры Ресейдің СТГ сату нарығын әртараптандыруға ықпал етеді және сонымен бірге Еуропалық құбырлардың тосқауылының алдын алады. Ресей мен Украина арасындағы жанжалдан ЕО-ның Ресейлік табиғи газға сұранысы төмендей бастады, керісінше Қытай және басқа Азия-Тынық мұхиты елдері табиғи газға сұранысы Ресей үшін жаңа мұмкіндік болуы мұмкін.

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украинаға әскерін жібергеннен кейін Еуропа тез арада Ресейге қарсы санкцияларды бастады, Германия «Бейкси-2» табиғи газ құбырын тоқтатты. Болашақта Ресейдің Еуропаға газ жеткізуі айтарлықтай азайатыны белгілі. Президент Путин 2022 жылы 4 ақпанда Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Қытайға барған кезде Қытай мен Ресей арасында қол қойылған 15 келісімнің 3-еуі мұнай және газ келісімшарттары болды («中俄签署一系列合作文件»). Болашақта Еуропа нарығының жартысынан айырылған Ресей Қытай нарығына көбірек тәуелді болуға мүдделі. «Сібір күші -2» құбырына келетін болсақ, Ресей тарапы Моңғолия арқылы өтетін құбыр Қытайдағы тасымалдау аралығын айтарлықтай қысқартқандықтан, бұл Ресейлік газ өндірістерінің Қытайлық Өндірістермен келісімге келеді деп есептейді.

Қытай үшін «Сібір қуаты-2» құбырының негізгі рөлі энергиямен жабдықтау арналарын кеңейту болып табылады. Америка Құрама Штаттары Қытайды өзінің бірінші бәсекелесі ретінде қарастырғандықтан, Қытай неғұрлым дамыған сайын, Америка Құрама Штаттарының бәсекелестігі мен шектеуі солғұрлым күшейе түседі және Қытай-АҚШ қарым-қатынасы соғұрлым күрделене түседі. 2020 жылы Қытайдың табиғи газының 40% импорттан келеді, ал 2021 жылы импортталған табиғи газ 45% жетеді (яғни, сыртқы тәуелділік) (2021年我国天然气运行情况浅析). Қытайдың импортталған табиғи газдың үлесі де жыл санап артуда, сондықтан энергиямен қамтамасыз ету қауіпсіздігін қамтамасыз ету сыртқы қатынастарда басты бағыттың бірі. Бұл тұрғыда Ямал түбегінен Ресейлік құбыр газын және СТГ қабылдау өте қолайлы және салыстырмалы түрде қауіпсіз балама болып табылады.

Кездесетін мәселелер

2022 жылы Ресей мен Моңғолия «Сібір қуаты-2» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін дайындап бітірді. 2023 жылы Ресей мен Моңғолия Қытаймен нақты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізеді. Қытайдың мүддесі үшін қауіпсіздік қатерін жою жолдарын зерттеуі керек. Дегенмен, Қытай, Ресей және Моңғолия құбыр бағыты бойынша, олар әлі де газ тасымалдау бағасы мен транзиттік төлемдер бойынша күрделі келіссөздер жүргізуі керек. Бұдан басқа экономикалық жақтан құбыр желісі мәселесі. Қытай мен Ресей 2015 жылы «Қытай-Ресей Батыс бағдары табиғи газ құбыры» газ жеткізу келісіміне қол қойғаннан бері екі ел осы уақытқа дейін нақты бағыт бойынша келісімді ресми түрде жариялаған жоқ. Бұрын бұл жобаның екі нұсқасы болды: бірі – «Алтай» желісі (祁治业, 2022). Бұл бағыттың артықшылығы – құбырды қысқарту үшін үшінші елден өтпейді, шығанда аз болатыны анық. Алайда, бұл бағыттың кемшілігі құбырдың геологиялық жағдайы нашар (биік таулар, кең өзен, және т.б.) Алтай таулары табиғи экологиялық қорғау үшін қатер төндіруі мұмкін деген көзқарастарда жоқ емес. Құрылыс құны жоғары, ал табыс аз. Екіншісі – Моңғолия арқылы өтетін «Сібір қуаты-2»  бағыттың артықшылығы – құбырдың жазық жерлерден өтуі, кедергілердің аздығы, құрылыс құнының төмендігі, Ресей-Моңғолия бағытының бойындағы аймақтардың экономикалық дамуына ықпал ете алатындығы, кемшілігі – құбырдың үшінші елді басып өтеді және саяси, экономикалық, қауіпсіздік және басқа да келісімдерге келу үшін саяси тұрақтылық пен сенімділікті қажет етеді. Қазіргі келісімдерге қарап, ресейлік тарап «Алтай» бағытын емес, «Моңғолия арқылы өтетін транзиттік жолды» таңдауға бейім екені белгілі болды.

Ресей мен Моңғолия «Сібір күші-2» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін аяқтады. 2020 жылдың тамыз айында Ресей мен Моңғолия «құпиялылық туралы келісімге» қол қойыды (Erdenejargal, 2020). 2022 жылдың қаңтарында Ресей мен Моңғолия инвестициялық және операциялық шығындар бойынша егжей-тегжейлі техникалық-экономикалық есеп беруді аяқтады және Қытай компаниясымен келіссөздерді бастады. Ресейдегі қазіргі жағдай 2014 жылы Қытай мен Ресей «Шығыс табиғи газ құбыры туралы келісімге» қол қойған кездегі жағдайға өте ұқсас. «Сібір күші-2» құбырындағы табиғи газдың бағасы үшін Қытай мен Ресей Шығыс табиғи газ құбыры мысалын қайталай алады. Ресей тарапы бұрынғысынша құбір жолын жалғыз өзі монополияуды талап етуі мүмкін, тіпті Қытай тарапымен және Моңғолиямен бір жақ ретінде келіссөздер жүргізуі мүмкін. Ол Қытайдан Моңғолияның ұлттық учаскесінің құбыр құрылысына инвестиция салуын талап етпейді, дегенмен, Қытай тараптан құбыр құрылысына алдын ала төлем жасауды талап етуі мұмкін.

Қортынды

Украина дағдарысынан кейін Ресей Батыс құбыр жолы бағытандағы нарықынан айрыла бастады, алайда Шығстағы Қытай бағытын дамытуды қолға алады. Тіпті Шығыс елдеріндегі Жапония мен Оңтүстік Кория елдеріне қарай нарық көлемін кеңейткісі келеді, дегенмен, Ресей-Украина қақтығысы басталғаннан кейін, Жапония мен Оңтүстік Корея Америка Құрама Штаттарының артынан Ресей мен жоғары деңгейдегі шенеуніктерге, соның ішінде президент Путинге санкция салды, бұл Ресей мен Жапония және Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынасқа әсер етті. Бірақ алдағы 10 жылда Қытай, Моңғолия және Ресей үш ел байланыстыратын табиғи газ құбырын қолға алып, солтүстік-шығыстың кешенді құрылысының негізін қалап, үш елдің энергетикалық дәлізін құру үшін істестік орнатқысы келетіні анық. Әрине, бұл процесте құбыр құрылысына қатысқан барлық тараптардың мәмілелер мен ірі державалар арасындағы бақталастықтар, Қытай мен Ресейдің стратегиялық шешімділігі мен дипломатиялық даналығын толық сынайтын кезеңдер болатыны айдан айқын.

Әдебиеттер тізімі

JAMISON COCKLIN. (2021, December 22) China Surpassed Japan as World’s Biggest LNG Importer Through October. NATURAL GAS INTELLIGENCE. https://www.naturalgasintel.com/china-surpassed-japan-as-worlds-biggest-lng-importer-through-october/

Jessica Jaganathan & Chen Aizhu. (2021). China signs huge LNG deals with U.S. supplier Venture Global. https://www.reuters.com/business/energy/us-venture-global-signs-lng-deals-with-chinas-sinopec-documents-2021-10-20/

Agence France-Presse. (2022). Mongolia Looks to Sell More Coal to China as World Shuns Polluting Fuel. https://www.voanews.com/a/mongolia-looks-to-sell-more-coal-to-china-as-world-shuns-polluting-fuel-/6829908.html

Helen Farrell. (2022). Russia-Ukraine and Europe’s energy strategy: a snapshot of a fast-moving crisis.https://energypost.eu/russia-ukraine-and-europes-energy-strategy-a-snapshot-of-a-fast-moving-crisis/

澎湃新闻 . (2022). 中俄能源合作再进一步,签署远东天然气供销协议. https://news.cctv.com/2022/02/06/ARTIl7qzVKif6l8ali6CKgFA220206.shtml.

Helbig. (2015). NATO – Mongolian relations: limited in Scope, But with room to grow. https://www.files.ethz.ch/isn/192871/rp_116.pdf

  1. Berls. (2021). Strengthening Russia’s Influence in International Affairs, Part II: Russia and Its Neighbors: A Sphere of Influence or a Declining Relationship?.https://www.nti.org/analysis/articles/strengthening-russias-influence-in-international-affairs-part-ii-russia-and-its-neighbors-a-sphere-of-influence-or-a-declining-relationship/

«中俄签署一系列合作文件» http://www.oyyj-oys.org/UploadFile/Issue/201605310001/2023/1//20230117073517WU_FILE_0.pdf

2021年我国天然气运行情况浅析. https://m.in-en.com/finance/html/energy-2250661.shtml

祁治业. (2022). 乌克兰危机背景下中蒙俄天然气管道 合作的利益考量及前景分析.

Erdenejargal.E. (2020). Special purpose company established for feasibility study of gas pipeline project.