Балалар жазғы демалыстарын қалай өткізіп жатыр? 3 ай демалыстың 2 айы өте шықты. Жаздың соңғы айында балалар үшін қандай демалыс ыңғайлы? Қаланың балалары ауылдағы ата-әжесінің қасында демалыстарын өткізсе, ауыл балаларына қаланың аттракциондары қызық. Көптеген балалар ата-анасы жұмыста болғандықтан, үйде қамалып, теледидар мен смартфонды ермек етеді. 14 жастан асқан жеткіншектер жұмыс істеп ата-анасына қолғабысын тигізеді. Солай болса да балалар үшін жүйелі демалыс ұйымдастыруға көп санды ата-аналардың жағдайы келе бермейді. Биылғы балалар жылына орай, мемлекет тарапынан қандай көмектер жасалды?
Балалардың рухани өсуі үшін музей мен кітапханаларға барып, құнды дүниелермен танысуға болады.Ұлттық академиялық кітапханада «Мәңгілік ел құндылықтары», «Ардақ тұтар алыптары», «Менің сүйікті кітаптарым» атты кең көлемді иллюстративті көрме тұрақты түрде ұйымдастырылады. Көрмеге кітаптармен қатар түрлі форматтағы 100-ге тарта балаларға арналған құжат қойылған. Сондай-ақ жазғы демалыс кезінде Qazaqstan орталық концерт залындағы кинокөрсетілімдерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Жас көрермендер бірнеше ай бойы отандық танымал «Күлтегін», «Айдахар», «Мұзбалақ», «Ер Төстік», «Кенже қыз» анимациялық туындыларын, сондай-ақ «Паралимпиадашы», «Время патриотов», «Боксер», «Каникулы оффлайн» көркем фильмдерін тегін тамашалай алады.
Балаларға ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында маусым айында әр-түрлі іс-шараларды мектеп жанындағы лагерьлерде өткізіп еді, алайда, олар балаларды қаншалықты қанағаттандыра алды? Ол жұмыстар әр өңірде әр деңгейде өтті.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде 111 балалар лагері жұмыс істейді. Балалар лагерлерінің ішінде 61 мемлекеттік. Тағы 48 лагерь - жеке және 2- шетелдік лагер бар, лагерьлердің жетіспеушілігі байқалады.жолдамаға барлық баланың қолы жете бермейді. Сондықтан, үйде болса да балаларыңызға көңіл бөліп, пайдалы, жүйелі демалыс ұйымдастыра біліңіз. табиғат аясында жиі отбасылық демалыс ұйымдастырып, таза ауада серуендеңіз, музыка тыңдап, спорттық ойындар немесе бала қызығатын ойындарды бірлікте ойнаңыз, әңгімелесіңіз, хоббиін біліп, баланың жасырын қабілеттерін ашуға көмектесіңіз. Бір демалыста хайуанаттар паркіне, келесі уақытыңыз болғанда кинотеатрға, мультфильм көруге барыңыз. Баламен бірге жүргеніңіздің өзі бала үшін ұмытылмас демалыс. Баланың арманына қанат бітіріп, шабыттандырып отырыңыз. Алдағы 30 күнде қандай жоспарыңыз бар? Балаңыз үшін не істей аласыз? Қымбат лагерь болмаса да, қымбат уақытыңызды балаңызбен өткізіңіз.
Байтұрсын Нұрбәтима