Су-тіршілік көзі, десе де бұл Талғар аудандық әкімшілік пен суға жауапты құзырлы органның жауапты тұлғаларын қызықтырмайтын көрінеді. Болмаса, осы ауданға қарасты Қызыл-Қайрат ауылындағы су құбырының жарылып, судың далаға ағып жатқанына жарты жылға жуық уақыт болды, тұрғындардың ескерткеніне қарамастан осыған дейін ешкім бой көрсетпеген. Ауыз судың ысырап болып жатқаны өкінішті. "Судың да сұрауы бар " деуші едік, далаға ағып жатқан таза судың шығынын кім өтейді? Еститін үкіметтің еститін құлағы қашан естиді?
Бұл судың ағып жатқанына біраз уақыт болғандықтан, терең шұңқырға айналған, ойын баласының сүйікті орны. Тұрғындарды алаңдатып отырған мәселенің бірі де осы.
Елімізде ауыз суға зәру елді мекендердің көп екеніне қарамастан, ауыз судың қадірін білмейтін әкімдер бар көрінеді.
Бейресми ақпартақа қарағанда жаңадан құрылған Алматы облысының жаңа әкімі Марат Сұлтанғазиев 17 маусымда Талғар ауданы тұрғындарымен жолықпақ көрінеді. Облыстың атауы мен әкім жаңарғанымен ауылдың тіршілігі жаңарған жоқ. Сол баяғы батпақ жол, жарылған құбыр, ешқандай қауіпсіздік шаралары қарастырылмаған электр желісі. Аудан мен ауыл әкімдігіне қанша ескертілседе қараусыз келе жатқан ескі құбырдың жайын енді жаңа әкімге жеткізіге тырысатын боламыз.
Жаңа әкімнен осы қордаланған мәселелерді ерте шешіп берер деген үміттеміз.
Нұрбәтима Байтұрсын
Алматы обл. Талғар ауданы
Қызыл-қайрат ауылы