Алматы облысы Қызыл-Қайрат ауылындағы өнер орталығындағы тегін үйірмелердің жұмысын тоқтатуына байланысты ата-аналардың шағымымен өнер орталығына барған болатынбыз. 4 айдан бері жұмыс істеп тұрған орталықта 125 бала 7 бағыт бойынша тәрбиеленіп жатқан. Олар эстрадалық вокал, ұлттық би, бисер, қолөнер, домбыра, сондай-ақ логопед те жұмыс істеген. Көбінесе балаларын ақылы үйірмелерге беруге жағдайы келмейтін отбасылардың балалары тәрбиеленіп отырған. Ауылдағы бірден-бір шығармашылық орталық ата-аналардың көңілінен шығып, балалар да әр сабаққа белсене қатысып, асыға күтетін болған. Алғашқы нәтижесі де көріне бастаған. Осы орталықтың шәкірттері ауылда өткен іс-шараларда бой көрсетіп, әсіресе наурыз тойында жұрттың көзайымына айналған. Қысқа уақытта осындай жетістікке жеткеніне қарамастан, аяқастынан тоқтатылады деген хабар ата-аналарға да осында үйреніп жүрген балаларға да күтпеген шешім болды. Бұл ұжымның директоры Әлима Нұрғалиқызының айтуынша ұжымда 5 ұстаз жұмыс істейді. Наурызда тоқтатылсын дегеніне қарамастан ата-аналардың тілегін ескеріп, жұмыстарын жалғастырып келген, енді ол кісілердің еңбек ақысы мен орынның жалдау қаражатын төлей алмай отырғанын, сол мебепті, соңғы аптада жұмысты тоқтатуға мәжбүр болғанын айтады.
Иманбекова Гауһар апа: Ауылда өнер мектебі ашылғанда біз қатты қуанған едік. Қызымнң бес баласы бар, соның үшеуі осы үйірмеге қатысады. Немерелерімде осында қатысып жүр еді. Билік басындағылар бізге осындай бір жақсы бастаманы беріп едіңіздер. Соңы ұзаққа бармайын деп тұр... Осы мәселге қатты қарнымыз ашады. Ары қарай жалғастырса екен. Баладан ұрпақтан ешнәрсені аяуға болмайды ғой..." десе, тағы бір немерелерін осы өнер мектебіне әкеліп жүрген апа Қатира Пайызбекова: "Осында балаларымызға түрлі бағытта сабақ беріп, өнер үйретіп жүрген апайларының барлығы өте жақсы, балаларымыз күннен-күнге дамып келе жатыр еді. Енді жабылады дегенді естіп қатты қапаланып отырмыз. Балалар жылы, ауылды өркендету жылы қарсаңында осындай жақсы бастаманы тоқтату қиянат болар еді" деді.
Бұл бастама президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы “жаңа жағдайдағы қазақстан: іс-қимыл кезеңі” деп аталатын жолдауынан кейін сол кездегі спорт және мәдениет минстрі А.Райымқұлованың 2021ж 28 сәуірдегі “балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы” N123 бұйрығына сай жүзеге асқан. Осы бұйрықтың жүзеге асуы үшін құқықтық актілер бекітілген. Айта кетер болсақ: 1. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары.
2. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге жан басына нормативтік қаржыландыру қағидалары.
3. Мемлекеттік тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі.
4. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің және спорттық секциялары бойынша тапсырыс 4 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға оның ішінде ерекше қабілеті бар балаларға қолданылады.
Алматы облысының әкімшілігінің дерегі бойынша шығармашылық үйірмелерге 1 млрд 540 млн қаржыға 48516 бала тәрбиеленген, биыл 2 млрд 400млн тг қаржы бөлініп, 1 ақпанға дейін 231 жеке кәсіпкер 58 бағыт бойынша 1892 үйірме ашып, 54210 бала оқып жүрген. 1,3млрд тг кәсіпкерлердің шотына аударылған. Облыс әкімі осыған дейін бұл үйірмелерді қаржыландыру үшін жергілікті әкімдіктің бюджетімен шеше алмайтындықтан, тиісті минстірліктермен бірлескен отырыс өткізіп, президент әкімшілігінің қарауына жолданған. Осылайша жыл соңына дейін үйірмелерді қаржыландыру үшін 20млрд тг қажет болатындықтан, оның үстіне кейбір заңсыздықтар байқалғандықтан, мәдениет және спорт минстірлігінің келсімімен ваучер беру уақытша тоқтатылып, 1-наурыздан бастап , осы іспен айналысып отырған жеке кәсіпкерлерге қаржыландырудың уақытша тоқтатылатыны хабарланған. 16-наурызда өткен минстірлікпен бірлескен отырыстан кейін, осы бойынша жауап күтіп отырғандарын айтқан болатын.
Сол күттірген мәселе бойынша, 5 сәуірдегі мәдениет және спорт минстірі Дәурен Абаев өз мәлімдемесін жасады. Қаз ақпаратта көрсетілгендей Д.Абаев өз мәлімдемеде:«Мәселе қаржыда емес, тегін үйірме қызметін ұсынудың шарттарын реттеуге келіп тіреліп тұр. Үкімет отырысында айтқанымдай, құжатта бар, нақты өмірде жоқ жандар пайда болып жатыр. Сондықтан бұл мәселені жуық арада шешуіміз керек. Бүгінге дейін бұл бағдарламаның мүмкіндігін 500 мың бала пайдаланып үлгерген. Меніңше, бұл тамаша көрсеткіш. Яғни, тегін үйірмелер жабылмайды», - деді Дәурен Абаев.
Сондай-ақ, «бұл мәселе жұмыс істеп тұр. Тек 2-3 облыста ғана өтінімдердің көп келуінен проблема туындады. Үйірмеге қатысқысы келетіндердің саны жоспардағыдан көп болып шыққан. Бұл жерде мәселені шешудің бір жолы ғана бар. Біз қаржыландыру көлемін ұлғайтамыз. Бағдарлама әрі қарай жұмыс істей береді», - деді ведомство басшысы.
Министр айтқанында тұрып, уағдасын осындаса балалар жылына ең жақсы сыйлығы болар еді. Балалар мен ата-аналарды көптен қынжылтқан мәселе оң шешімін табар еді.
Талғар ауданы.
Нұрбәтима Байтұрсын