Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі ел көптен күткен Pfizer вакцинасын уақытша тіркесе де, компаниямен әлі күнге дейін келісім-шартқа қол қоймаған.
Бүгін дәстүрлі Үкімет отырысында министр Алексей Цой «Pfizer-BioNTech вакцинасын жеткізу жоспарланып жатыр. Қазіргі уақытта тасымалдау, жеткізу кестесі және келісімге қол қою мәселелері пысықталуда», – деп мәлімдеді.
Ол баяндамасын оқу барысында президент Тоқаевтың күні кеше жасаған үшінші жолдауындағы ДДСҰ тіркеген вакциналарды сатып алу жағын тездету туралы тапсырмасына тоқталды. Цой «халықаралық тіркеуден өткен осындай екі түрлі Sinofarm шығарған CoronaVac және Vero cell екпелерін сатып алдық» деді марқая.
Осыған дейін Алексей Цой қазақстандықтар ұзақ күткен Pfizer екпесі қазан айынан бастап 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге салынатынын хабарлаған еді.
23 тамызда Pfizer Қазақстанда уақытша тіркеуден өтті. Төртінші тоқсанда америкалық вакцинаның 2 млн дозасы келеді деп жоспарланған.
Тоқаев 10 шілдеде сөзінде Үкіметті мамыр айында келуі тиіс Pfizer екпесін жеткізуде үдеден шыға алмай, мүмкіндіктен айырылып қалғанын сынап, жауаптыларды жазалауға тапсырма берген. Дегенмен ДенМин басшылығы ведомство тарапынан кемшілік болмағанын айтады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті