Вакцина алуға ынталы қазақстандықтардың бір бөлігі көптен күткен америкалық Pfizer екпесі Үкімет қателігінің кесірінен межелі уақытынан кешігіп алдағы күзде, қазан айында жеткізілмек. Бірақ шетелдік үздік екпені жұрттың барлығы бірдей ала алмайды.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сейсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде дамыған елдер көптеп қолданып жатқан препарат Қазақстанда барлығына қолжетімді болмайтынын хабарлады.
«Вакцина бастапқы кезеңде қазан айында балаларға салынады. Біздіңше, Pfizer тек балалар мен жүкті әйелдерге салынуы керек. Сондықтан бұл вакцинаға қарап отырудың мән жоқ, қазір барып бар вакцинаны ала берген жөн», – деді Цой.
Сондай-ақ, министр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған тағы бір қытай вакцинасы бір апта ішінде Қазақстанға жеткізілетінін хабарлады.
Бұған дейін Тоқаев Үкіметтің мамыр айында қабылдап алуы тиіс Pfizer екпесін жеткізуде үдеден шыға алмай, мүмкіндіктен айырылып қалғанын сынап, жауаптыларды жазалауға тапсырма берген. Дегенмен ДенМин басшылығы ведомство тарапынан кемшілік болмағанын айтады. Төртінші тоқсанда америкалық вакцинаның 2 млн дозасы келеді деп жоспарланған. Министрлік 12 жастан асқан жасөспірімдер мен жеткіншектерді вакцинациялау туралы бастама көтерген. Енді оны Pfizer есебінен іске асырмақ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті