Американың Ирактағы әскери миссиясы биылғы жылдың соңына дейін аяқталады.
Джо Байден Ирактың премьер-министрі Мұстафа әл-Казымимен кездесуінде осы жаңалықты жария етті. Сондай-ақ Ақ үй басшысы Уашингтон мен Бағдат арасындағы лаңкестікке қарсы күрес бойынша ынтымақтастық жалғаса беретінін жеткізді. Байден америкалық мамандар Ирактың қауіпсіздік күштерін оқыту, үйрету және оларға кеңес берумен айналысады.
Байден мәлімдемесінде: «Біз қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастыққа басымдық береміз. «ДАИШ»-қа қарсы бірлескен күрестің аймақтағы тұрақтылық үшін маңызы зор. Лаңкестікпен күрес жолындағы ортақ іс-әрекетіміз жалғасады», – деді.
Қазір Иракта АҚШ-тың шамамен 2500 әскері бар. Байден Таяу Шығыстағы терроризммен күресті тоқтатпайтынын айтып, бірақ негізгі назарды Қытайға бұратынын мәлімдеді. Вашингтон қазір АҚШ үшін Қытай әрекеті қауіпсіздікке қауіп төндіреді деп есептейді.
Мұнымен қатар, Ирак премьер-министрімен келіссөз кезінде АҚШ президенті коронавирусқа қарсы вакцина жіберуге уәде етті.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті