АҚШ ашық аспан туралы келісімшартты қалпына келтірмейді. Бұл туралы Ақ үй басшысы Джо Байден мәлімдеді.

Енді Ресей мен АҚШ арасында қару-жараққа бақылау жасау келісімі ғана күшінде болады. Былтыр қарашада ресми Вашингтон аталған келісімшарттан шыққан болатын. Экс-президент Дональд Трамп ресми Мәскеу ережелерді бірнеше рет бұзды деп наразылық танытқан. Кейін Ресей де келісімнен шықты. Бірақ Кремль мамырда қайта қосылатынын мәлімдеді.

Америка Құрама Штаттары Ашық аспан келісімінен шығатынын хабарлағаннан алты ай өткен соң, былтыр 22 қарашада өз елінде құжаттың күшін тоқтатқан. Вашингтон Мәскеудің келісімді «өрескел бұзғанын» бірнеше мәрте мәлімдеген. АҚШ-тың бұл қадамы әлемдегі қару-жарақты таратпау ісіне көп зардабын тигізді. Американың бұрынғы президенті Дональд Трамп «Вашингтонды алдап жатыр, оның әскери әлеуетін әділетсіз түрде шектеп отыр» деп бұл жүйені жиі сынап келген.

Былтыр тараптар арасында жаңа келісімге қол жетаізу мүмкіндігі болғанмен, ресми Мәскеу Уашингтонның бұл әрекетіне теріс реакция танытты. Ресей Сыртқы істер министрлігі Қаруды таратпау және қаруды бақылау департаментінің директоры Владимир Ермаков Уашингтонның келісімнен шығуын және Мәскеуге қатысты айыпты негізсіз деп атады.

Аталған келісімге 1992 жылы Хельсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 23 мемлекеттің өкілдері қол қойды. Құжаттың қабылдануына Мәскеу белсенді атсалысқан. Келісім 2002 жылы күшіне енген. Оның шарттары бойынша, келісімге қол қойған 34 ел әскери күші мен мекемелері туралы ақпарат жинау үшін бір-бірінің аумағына қысқа мерзімге қарусыз ұшақ жібере алады.

Келісімді қолдайтындар бұл құжат елдердің бір-біріне сенімін арттырып, олардың жасырын әскер жұмылдырып жатпағанына, әлдебір елге шабуылдау жоспары жоқ екеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді деп санайды.

"The Qazaq Times"