Ескі жылдың соңғы күндеріне арналған, биылғы жылдың соңғы ауа райы болжамын назарларыңызға ұсынамыз.
Қазгидрометтің болжамы бойынша, аталған үш күнде еліміздің басым аймақтарында қар жауып, бұрқасын болады және 15-20 м/с қарқынымен күшті батыс желі соғады.
Осыған байланысты ауа темпратурасы әдеттегіден 2-5º С жоғарылайды. Бірақ, аяз қатты болмайды. Оңтүсік және Оңтүстік Шығыс аймақтарда оңтүстік циклінің әсерімен қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Соған орай, көктайғақ болып, тұман түсіп, ауарайы әдеттегіден жылиды.
Ал, жаңа жыл, мерекелік түнгі және мереке күндеріне арналған ауарайы болжамы ертең, 30 желтоқсанда алдын-ала ескертілетін болады.
«The Qazaq Times»