«Қазгидромет» РМК еліміздің үш өңірінде күн райына байланысты ескерту жариялады.
Өткен жұма күн райын болжаушы мамандар климаттық қыс басталғанын хабарлаған болатын. Жалпы 21-22 қараша климаттық қыстың басы болып саналады. Бірақ республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарының тұрғындары үшін ерте келіп қана қоймай, аномальды аяздармен басталып, оңтүстік облыстарға да тарады.
Демалыс күндері басталған солтүстік теңіздерден суық және дымқыл ауа түсуі жалғасады. Бүгін Ақмола облысының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 метр жетеді. Ал Солтүстік Қазақстанда қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болмақ деген болжам бар. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады деседі. Түркістан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді. Дауыл соғу ықтималдығы 90-95 % көрінеді.
Сондай-ақ ведомство мамандары қыстың алғашқы екі айында (желтоқсан, қаңтар) республикамыздың басым бөлігінде салыстырмалы жылы ауа райы болады деп болжап отыр. Долбарлап айтқанда, ауа температурасы климаттық нормадан 3-5°С-қа төмен күндер де болуы мүмкін.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы