Араб елдері арасында Біріккен Араб Әмірлігі жаңа технологиялардың дамытуға және оны қолдануға көбірек көңіл бұрып келеді. Қазір жаңа технология көмегімен елінде жауын-шашынды көбейтуді мақсат етіп отыр. Бұған дейін елде бұлттарға түз шашу арқылы жасанды жаңбыр жаудырып келген, алайда бұл елдегі құрғақшылықты одан сайын ауырлатқан. Ендігі жерде Дубай электр қуатының көмегімен тұщы жаңбыр жаудыру жобасын қолға алды.
Елдегі климаттың құрғақшылығына қарсы 2017 жылы БАӘ 7 ірі жобаға қаржы бөлген. Құны 15 млн доллар тұратын жоба ел кеңістігіндегі жетерлік мөлшердегі бұлттарды жауын-шашын етуді көздейді.
Қазір Дубай ұшқышсыз ұшу құрылғыларының (ҰҰҚ) көмегімен жаңбыр жаудыруға назар аударуда. Бұлттардың ылғал бөліктерін электр қуатының көмегімен біріктіріп, соңында оны жаңбырға айналдыруға болады. ҰҰҚ-лар бұл арада бұлттардағы эклектр қуатының тең салмағын өзгерте алады.
Қазір жоба сынақ мерзімінде. Сынақтар сәтті аяқталса әмірлік жобаға қырауар қаржы бөлуге дайын. Осылайша арабтың құм басқан даласы бір мезгілдерде жасыл желек жамылып жатса таң қалуға болмайтындай.
Жасанды жауын жауғызу технологиясын әлемде ірі елдер де қолданады. Әсіресе, Қытай үкіметі оны ауыл шаруашылығына көбірек пайдаланады. Былтыр жыл соңында Қытай елдің 70 пайыздан астам аумағына жасанды жауын жаудыру жобасын қабылдады. Бұған Үндістан секілді көршілес елдер наразылығын да білдірген. Себебі, бір елдегі жауын-шашын келесі елдің климатына кері әсер етуі де мүмкін. Және бұл әрекеттердің өнімділігі ғылыми тұрғыда әлі толық дәлелденбеген.