Британдық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ағылшын үкіметі қытайлық Huawei компаниясын 5G желісіне мердігерлікке қатысуын тоқтатады. Бұл шешім Лондон мен Бейжің арасындағы шиеленісті күшейтек, дегенмен Лондон шешімін Уашингтон қуаттап отыр.

Sunday Telegraph басылмы хабарында Британ Ұлттық қауіпсіздік комитеті (NCSC) қытайлық компанияның өз құрылғыларынан пайдаланып жасырын тыңдау қаупін қайта қарағанын, нәтижесінде Британ шенеуніктері бұндай қауіпі растаған.

Бұған дейін, Британ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты GCHQ барлау агенттігі Huawei компаниясы тарапынан келетін қауіпті сейілтуге және бақылауда ұстауға болады деп мәлімдеген еді. Бірақ, бұл пікірмен америкалық барлау агенттіктері келіспеді. Өткен айда Huawei-ге АҚШ тарапынан енгізген жаңа шектеу шаралары Британдық GCHQ барлау агенттігінің жоғарыдағы пікірін өзгертуне басты себеп болған.

Ағылшындық киберқауіпсіздік орталығы басшылары АҚШ салған санкцияға байланысты Ұлыбританиядағы АҚШ компаниялары мен бөлімшелер де Huawei копманиясының техникасын пайдаланбайды, сол себепті Британдық 5G интернет желісінде Қытай компаниясының боуы «сенімсіздік» тудырады деп санайды.

Британ үкіметі 5G желісіне орнатылған Huawei құрылғыларын желіден шығаруды жоспарлауда. Ағылшындық BT және Vodafone телекоммуникация компаниялары үкіметтен 2030 жылға дейін Huawei компаниясын 5G жобасынан шығаруға өтініш білдірді, бірақ Британ үкіметі ертерек әрекет етпесек 5G желісінің іске қолсылуы кешеуілдейді деп отыр.

Британ билігінің қытайлық технология алыбына шектеу қоюына Гонконг мәселесі тікелей әсер етті. Бұған дейін Лондон тарабы Қытай компаниясын шеттетуде Уашингтонның дегенімен толық келісе қоймаған еді. Бейжің қабылдаған Гонконгқа қатысты ұлттық қауіпсіздік туралы заң жобасы Гонконг тұрғындарының еркіндігін шектеді және Британ тарабы оны 1997 жылы Ұлыбритания-Қытай арасында жасалған келісімді бұзу деп қабылдады. Бейжіңге жауап ретінде Гонконг тұрғындарының Ұлыбриьанияға көшуіне рұқсат берді және 3 млн тұрғынға азаматтық беретінін жеткізді. Қытай тарабы бұны елдің ішкі ісіне араласу деп айыптады. Нәтижеде екі ел арасындағы дипломатиялық қайшылық күшейді.

"The Qazaq Times"