Джо Байденнің рейтингі оның президенттігінің алғашқы күндерімен салыстырғанда 2%-ға төмендеді. Бұл туралы The hill газеті хабарлады.
28-29 қаңтар аралығында Харрис ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген зерттеу нәтижесінде Байденнің президент ретіндегі жұмысын респонденттердің 61%-ы қолдайтынын айтқан. Ал бұған дейін өткен сауалнамада қатысушылардың 63%-ы мемлекет басшысының жұмысы туралы оң пікір білдірген.
Зерттеу орталығы соңғы сауалнамада Республикалық партияны қолдайтын сайлаушылар арасында демократ Байденнің қызметін мақұлдау деңгейі 6 пайыздық тармаққа 30%-дан 24%-ға төмендегенін атап өтті. Демократтар жақтастарының қолдауы 94% болған.
Сауалнама онлайн форматта сайлаушылар арасында жүргізілді. Статистикалық қателік шамамен 3,19 шаманы құрайды.
3 қарашада өткен президент сайлауында ресми нәтиже бойынша 306-232 (электорлар дауысы) есебімен Джо Байден жеңіске жеткен. 20 қаңтарда жаңа президенттің ұлықтау рәсімі Капитолий ғимаратында өтті.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы