Британияда белгілі болған коронавирустың жаңа түрі Өзбекстанда анықталды. Вирустың бұл қауіпті түрі ата-анасымен бірге Біріккен Араб Әмірлігінен ұшып келген он жастағы өзбекстандық қыздан табылған.
Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда, елде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 78 мыңнан асқан. Соңғы тәулікте 44 адам індетке шалдыққан. Бірақ, ресми мәліметтерге сенсек, өзбек елінде вирусқа шалыдаққандардың шамамен 98 пайызы жазылып шыққан. Қаза болғандар саны 634 адам.
Алайда, коронавирустың британдық штаммы Өзбекстанның ДСМ мен үкіметін алаңдатып отыр. Жоғарыда аталған науқастан британдық штаммның бар екені туралы мәлімет 30 қаңтар күні тіркелген. Науқасты қайталай тексеруден өткізіп, Британияда белгілі болған коронавирустың қауіпті жаңа түрінің бар екенін толық тұрақтандырған.
Дегенмен, Өзбекстан ДСМ тарабы елдегі эспидемия жағдайының тұрақты және бақылауда екенін айтады.


















Тоқаевтың «Тіл еркіндігі» – Өз тілінен ыңғайсызданатын биліктің бейнесі ме?
8 Наурыз – Мкереке құтты болсын арулар!
Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Рамазан – рухани тазалық пен мейірім айы
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады