Азаматтық белсенді, марқұм Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділ төбелес кезінде қаза тапты. Бұл туралы астананың қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді. Пышақ жарақатынан мерт болған Жанболат кәмелет жасына да толмаған болатын.
Ресмилердің мәліметінде Жанболат Ағаділдің өліміне себеп болған төбелестің неден шыққаны туралы анық дерек жоқ. Тек «жастар арасындағы келіспеушілік» төбелеске мұрындық болды деген мәлімет бар. Сондай-ақ, төбелесте Жанболаттан өзге 2 адамның жарақат алғаны да хабарланды.
Ресми мәлімдемелерге қарағанда, оқиға 11 қарашаға қараған түнде, 23:00 шамасында болған. Полиция тарабы қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтады. Алдын ала берілген мәлімет бойынша оқиғаға қатысты делінген бір адам ұсталған.
Жанболат Ағаділдің өліміне байланысты қазір әлеуметтік желілерде күшті талқы жүріп жатыр. Кейбір желі қолданушылар Жанболаттың өлімі жай ғана төбелестен болды дегенге сенгісі келмейтінін жазуда.
Жанболаттың әкесі, қоғам белсендісі Дулат Ағаділ ақпан айында астананың тергеу абақтысында қаза тапқаны белгілі, елорданың полиция департаменті оны жүрек талмасынан қаза болды деген. Марқұмның жақындары бұған келіспеді және қоғамда күшті реакция танытқан. Алайда, Дулат Ағаділдің өлімі туралы президент те жүрек талмасынан қаза болды деген мәлімдеме жасаған болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?